Ақтөбе облысында заманауи су үнемдеу технологияларын енгізуге ерекше назар аударылуда

Oinet.kz 13-10-2025 13

Су – тіршіліктің өзегі, экономиканың да, экологияның да тұрақтылығын айқындайтын стратегиялық ресурс.

1000490279.jpg

Бүгінде су тапшылығы мәселесі жаһандық деңгейде өзекті болып отыр. Сондықтан әр өңірде су қорларын ұтымды пайдалану, жаңа технологияларды енгізу және суды үнемдеу мәдениетін қалыптастыру – уақыт талабы.

Облыста барлығы 206 гидротехникалық құрылыс бар. Соның ішінде 10-ы – республикалық меншікте, 174-і – коммуналдық, 22-сі – жекеменшікке тиесілі. Коммуналдық меншіктегі нысандардың ішінде екі бөгет күрделі жөндеуден өтті, тасқыннан кейін үш бөгет қалпына келтірілді, сондай-ақ екі бөгетке, бір лимандық суару жүйесіне және он төрт қорғаныш бөгетіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұдан бөлек, 2024 жылы 18 қорғаныш бөгет салынды және жөнделді, 1 жағалауды бекіту жұмысы атқарылды. Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мәліметінше, бекітілген Жол картасы мен су үнемдеудің үлгілік жоспары аясында суармалы жерлерде заманауи су үнемдеу технологияларын енгізуге ерекше назар аударылып отыр. Бүгінде 30,2 мың гектардың 27,6 мың гектарында заманауи суару әдістері қолданылады. 2030 жылға қарай бұл көрсеткішті 44 мың гектарға жеткізу жоспарланған.

"Агроқұрылымдарды қолдау мақсатында заманауи суару жүйелерін сатып алуға жұмсалатын шығынның 80%-ын өтейтін инвестициялық субсидиялар қарастырылған. 2024 жылы бұл мақсатқа 442 млн теңгеден астам қаржы бөлінді" - дейді басқарма басшысы Исатай Еспағанбетов.

Қазіргі таңда Ақтөбе, Қарғалы және Сазды су қоймалары арқылы суармалы жерлерге су жіберіліп қамтылып отыр.

Қазақстан Республикасының жаңа Су кодексіне сәйкес өңірде өнеркәсіп пен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықта қайталама және айналымдық сумен жабдықтауды кезең-кезеңімен енгізуді көздейтін су үнемдеу жоспары әзірленді.

В Актюбинской области уделяется особое внимание внедрению современных водосберегающих технологий
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу