Келес: Елдімекендерде көгілдір отын тартылып жайлы жол салынады

Oinet.kz 09-10-2025 6

110258_0.jpg

Келес ауданында ауыл халқының жайлылығын қамтамасыз ету мақсатында елді мекендерге көгілдір отын тартылып жайлы жол салынуда. Аудан әкімінің орынбасары Мақсат Тұрдиевтың айтуынша, бүгінгі күні ауданына қарасты Шұқырсай және Ұшқын елді мекендерінде газ құбыры тартылуда.

Бірнеше күн бұрын аудан әкімі Жәнібек Ағыбаев Шұқырсай елді мекеніндегі газ құбыры жұмыстарының баяу жүргізіліп жатқанын сынға алған болатын. «Бұл мәселе – менің қатаң бақылауымда. Шұқырсай арқылы өтіп жатқан магистралды газ құбырының құрылысын тез арада аяқтап, халыққа қолайсыздық тудырмай, уақтылы іске қосуды тапсырамын», – деген аудан әкімі Жәнібек Ағыбаев осыған байланысты арнайы шараларды қабылдады.

Аудан әкімінің орынбасары Мақсат Тұрдиев ауыл тұрғындарымен кездесіп, олардың пікірін тыңдап, көтерілген мәселелерді назарға алды. Ал аудан әкімі мердігер компания өкілін жеке қабылдап, жұмыстың қарқынын арттыруды тапсырды. Қазіргі таңда Шұқырсай елді мекенінде ауылішілік инженерлік желілерді қиып өтуге қажетті рұқсаттар рәсімделуде. Жоба өндірістік кестеге сәйкес жыл соңына дейін аяқталуы жоспарланған. Дегенмен, мердігер компания жұмысты жеделдетіп, 15 күн ішінде бітіруді міндетіне алды.

Ал Ұшқын ауылындағы жұмыс Шұқырсайға қарағанда ширақтау. Мұнда газ құбыры желісін тартумен қатар халық игілігі үшін бірқатар маңызды жобалар жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, 200 орындық жаңа мектеп салу үшін жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленіп, облыстық білім басқармасына ұсыныс енгізілген. Бұл ауылдың жас ұрпағы үшін қолайлы білім ордасын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Бұдан бөлек, елді мекенді газдандыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткізіліп, облыстық бюджеттен қаржы бөлінген. Бүгінде ішкі жүйелерді тарту жұмыстары аяқталу сатысында. Ал аАуыл инфрақұрылымын дамыту бағытында тағы да бірқатар жобалар қолға алынған. Ұзындығы 4,1 шақырым көшеге тас шағал төсеу үшін құжаттар дайындалған. Қаржы көздері нақтыланған соң, жол жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Бұдан бөлек, ұзындығы 4 шақырым Ұшқын каналы осы жылдың көктемінде мемлекет есебінен механикалық тазалаудан өтті. Бұған дейін елді мекен ішіндегі электр жүйелері жаңартылып, түнгі жарық шамдары орнатылған.

Сондай-ақ, халық денсаулығын қорғау мақсатында жаңа дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілген.

Соңғы жылдары Шұқырсай және Ұшқын елді мекендерінде көп жобалар атқарылған. Ел игілігіне берілгені де бар. Биыл газ құрылысы аяқталып, көгілдір отын берілсе, елдің еңсесі тағы көтерілгелі тұр. Дегенмен ауыл тұрғындарын алаңдатқан бір мәселе бар. Ол жол мәселесі. Халықтың мәселесі билікке жетіп, осы атқарылып жатқан және алдағы жоспарланған жұмыстар жайы Келес ауданының дербес бөлім басшылары Нұрмаханбет Нархозиев пен Алмас Абдуллаев және Қошқарата ауылдық округінің әкімі Ерлан Нұрмаханның Ұшқын елді мекенінің халқымен кездесуінде кеңінен талқыланды. Жергілікті тұрғындар көтерген жол жөндеу мәселесіне жауапты сала өкілдері алдымен газдандыру жұмыстары толық аяқталғаннан кейін жол құрылысы басталатынын жеткізді.

Ауыл тұрғындары мұнан басқа жасалып жатқан жұмыстарға ризашылық білдіріп, мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау алдағы өмір сапасын арттыратынына сенім артты.

Келес: Үш елдімекен таза ауызсуға қосылады
Келес: Халықтың әл-ауқатын арттыруға ықпал ететін жобалар іске асырылуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу