Келес: 23 елдімекенге көгілді отын жеткізілді

Oinet.kz 15-11-2025 6

110258_0.jpg

Келес ауданында елді мекендерді газдандыру жұмыстары жалғасуда. Аудан құрылғалы жеті жыл өткен болса, осы аралықта 23 ауыл көгілдір отынға қосылған. Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаевтың айтуынша, осы уақыт аралығында өңірде инфрақұрылымдық дамудың жаңа кезеңі қалыптасып, ең өзекті мәселелердің бірі – ауылдарды табиғи газбен қамту бағытында айтарлықтай жұмыстар атқарылған. Соның нәтижесінде соңғы жылдары аудандағы 23 елді мекенге табиғи газ жеткізіліп, биыл газдандыру жұмыстары тағы 12 елді мекенде жүргізілуде.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында «Бірлескен күш-жігеріміз арқылы көгілдір отынды тасымалдау көлемін арттыруға ниеттіміз», – деп атап өткен болатын. Өздеріңіз жақсы білесіздер, Президентіміз «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» Ұлттық құрылтайдың отырысындағы тапсырмасы бойынша 2024 жылы елімізде 1700 шақырымнан астам газ құбыры салынып, 300 мыңнан астам азамат көгілдір отынға қол жеткізді. Елді мекендерді газдандыру халықтың өмір сүру сапасын жақсартып, экологияның ластануын төмендетеді, баламалы отын сатып алуға кететін қаражатты үнемдейді және өңірлердің инвестициялық тартымдылығын арттырады. Президент тапсырмасымен ауданымызда биыл 12 жоба жүзеге асыру арқылы елді газдандыру деңгейін 71,1 пайызға дейін арттырылып отыр», – дейді аудан басшысы.

Бүгінгі күні аудандағы Ұшқын ауылдық округіндегі Достық және Қоралас елді мекендерінде табиғи газ желілерін тартуға қатысты құрылыс-монтаждау жұмыстары қарқын алған. Сонымен қатар, Қошқарата ауылдық округіндегі Ұшқын елді мекенінде, Ұшқын ауылдық округінің орталығында және Бірлік ауылдық округіндегі Бірлік елді мекенінде газ желілерінің құрылысы аяқталған. Аудан бойынша қосымша 9 елді мекенді газдандыруға қатысты жобалық-сметалық құжаттар дайындалған. Атап айтқанда, Жаңатіршілік, Қосөткел, Үшағаш, Бақшысай, Ынталы, Саттаров, Қаратал, Атақоныс, Жиделі елді мекендері.

Айта кетерлігі, аудан аумағындағы Тартоғай, Шолантөбе, Мәдениет, Құрөзек, Коммунизм, Байғабыл елді мекендеріне газ тарту жұмыстары – экономикалық тұрғыдан тиімсіз деп танылған. Ал Ащыкөл, Қалғансыр, Бекбота, Майдабозай, Бозай елді мекендерінде табиғи газ жүйесін жүргізу мақсатында қосымша зерделеу және жоспарлау жұмыстары жүргізіледі. Жалпы, қазіргі таңда ауданданғы елді мекендердің 71,1 пайызы табиғи газбен қамтылған.

«Бүгінгі күні экологиялық мәселелер өте маңызды екені белгілі. Мысалы, газға көшу тек Астананың өзінде зиянды қалдықтардың ауаға таралуын алты есеге немесе жылына 35 мың тоннаға азайтады. Осының өзінен Келес ауданының орталығы Абай ауылы мен ауылдық округтердің экологиясына қандай үлес қосатынын аңғару қиын емес. Шындығына келсек, соңғы жылдары климаттың күрт өзгергенін байқауға болады. Оның себебі, табиғатқа антропогендік жағдайлар әсер етіп жатыр. Табиғи газ – бұл көмір сутектерден тұратын ең экологиялық таза отын. Ал, Қазақстанды газдандыру жұмыстары, соның ішінде жаһандық экологиялық проблемаларды шешуге де оң септігін тигізбек. Сондықтан, Президенттің бастамалары біз үшін тікелей көрсеткіш қана емес, сонымен бірге ондаған жылдарға арналған жаһандық жоспар болып табылады. Жалпы, газдандыру жұмыстарын ауданымызда мердігерлікке берілген мекемелер кезең-кезеңімен жүзеге асырып, Президент тапсырғандай алдағы жылда толық аяқтау жоспарлануда. Бұл бағыттағы құрылыс жұмыстары облыс басшылығының тұрақты бақылауына алынған. Ал табиғи газ жеткізілген абоненттерді одан ары көгілдір отынмен қамту біздің міндетіміз, – дейді аудан әкімі Жәнібек Ағыбаев.

Түлкібас: Ауданда көп жұмыс атқарылуда
Түркістанда жанар-жағармай тапшылығы жоқ, баға – тұрақты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу