Шымкенттегі жаппай төбелес: 4 адам ұсталды

Oinet.kz 21-01-2026 87

Шымкент қаласында 20 қаңтар күні орын алған қылмыстық оқиға бойынша төрт адам ұсталды деп жазады Оinet.kz тілшісі.

image.png

Шымкент қаласының Полиция департаменті хабарлағандай,  қала аумағында орын алған қылмыстық оқиға бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілді.

Оқиға нәтижесінде 40 жастағы ер адам пышақ жарақатынан оқиға орнында қайтыс болып, тағы бір азамат ауруханаға жеткізілді. Жедел әрекеттердің нәтижесінде қылмысқа қатысы бар деген  төрт күдікті анықталып, ұсталды.

Аталған жайт бойынша «Адам өлтіру», «Бұзақылық» және «Адам ұрлау» баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазіргі уақытта қылмыстың барлық мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу амалдары жүргізілуде.

Полиция департаменті қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында барлық қажетті шаралар қабылданғанын хабарлайды.

Маңғыстау жастары пилоттық жоба аясында Шымкентте білім алуда
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу