Түркістан облысында үш полицей 18 жастағы қызды зорлаған

Oinet.kz 30-01-2026 52

Әлеуметтік желіде Түркістан облысында үш полицей 18 жастағы қызды зорлады деген ақпаратқа қатысты ІМ-нің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев түсініктеме берді.

image.png

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, Түркістан қаласының 18 жастағы тұрғынының арызы бойынша жыныстық қатынасқа мәжбүрлеу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

"Бұрынғы полиция қызметкерлерінің бұл іске ықтимал қатысы туралы ақпарат толық тексерілуде және сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында оған құқықтық баға берілетін болады", — Шыңғыс Әлекешев тергеу барысы ішкі істер министрінің ерекше бақылауында екенін жеткізді. 

Күдікке ілінген полицейлер  қызметтерінен бірден босатылған. 

Петропавлда пойыз астына түскен ер адам қаза тапты
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу