Ақтөбеде 14 жастағы оқушыны зорлаған күдікті ұсталды

Oinet.kz 02-03-2026

Ақтөбе облысында 14 жастағы мектеп оқушысын зорлады деген күдікпен 25 жастағы ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.Оқиға Хромтау қаласында болған, деп жазады  oinet.kz. 

image.png

Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.

 Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 120-бабы («Зорлау») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.  Полиция өкілдері қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатқанын атап өтті. 

"Толық әрі жан-жақты тергеу нәтижесі бойынша заңды процессуалдық шешім қабылданады. Тергеу мүддесіне, сондай-ақ кәмелетке толмаған жәбірленушінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында өзге ақпарат жария етілмейді", - деп хабарлады Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Солтүстік Қазақстанда түрме бастығы ұсталды
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу