Пациенттің өліміне қарамастан сот стоматологты қылмыстық жауапкершіліктен босатты

Oinet.kz 10-03-2026

Орал қаласындағы қылмыстық істер жөніндегі сот жеке клиниканың стоматологына қатысты үкім шығарды. Оған кәсіби міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін,  салдарынан пациенттің өліміне себеп болған деген тағылған, деп хабарлайды Оinet.kz.

image.png

Іс материалдары бойынша, қайғылы жағдай 2022 жылы Орал қаласындағы жеке стоматологиялық клиникалардың бірінде болған. Жергілікті тұрғын емделу үшін дәрігерге келген. Қабылдау барысында пациентке ауырсынуды басатын инъекция жасалып, кейін стоматологиялық ем жүргізілген.

Процедурадан біраз уақыт өткен соң әйелдің жағдайы нашарлап, әлсіздік пен бас айналу пайда болған. Жедел жәрдем шақырылып, пациент ауруханаға жеткізілген, бірақ екі аптадан соң қайтыс болды.

«Пациент өзінің қысымының 140 екенін, еш жерде есепте тұрмағанын айтты. Сонымен қатар эндодонтикалық емге келісім беріп, анестезияға да рұқсат берді. Кез келген анестетик сияқты бұл да қысымды көтеруі немесе төмендетуі мүмкін. Пациенттің бірнеше созылмалы аурулары бар екен, бірақ ол бұл туралы картасында жазбаған»,- деді дәрігер сот барысында.

Оқиға бойынша алдын ала тергеу басталып, іс Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің медицина қызметкерінің кәсіби міндеттерін дұрыс орындамау салдарынан адамның өліміне әкеп соққан әрекеттерге жауаптылығын қарастыратын бабымен қаралған. Тергеу барысында сараптамалар тағайындалып, куәлар тыңдалған және көрсетілген медициналық көмек жағдайлары зерттелген.

Сотта стоматолог әрекеттері мен көрсетілген көмек медициналық стандарттарға сәйкес болуы қаралған. Алайда істі қарау кезінде қылмыстық жауапкершілікке тартудың заңмен белгіленген мерзімі өтіп кеткен болып шыққан.

«Тергеу барысында сот айыпталушыны Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 317-бабы бойынша – "Медициналық немесе фармацевтикалық қызметкердің кәсіби міндеттерін дұрыс орындамауы" және 322-бабы бойынша – "Адам өліміне әкеп соққан заңсыз медициналық қызмет" бойынша кінәлі деп таныды. Алайда қылмыстық жауапкершілікке тарту мерзімі өткендіктен, оны жазаға тартпай босату туралы шешім қабылданды», – делінген 2026 жылғы 6 наурыздағы үкімде.

Айта кетейік, іс тоғыз ай бойы қаралған.

Шымкенттік тұрғын Free Fire ойыны арқылы жасөспірімдерді алдап, алаяқтық жасаған
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу