20 рет пышақтаған. Ұлытауда ер адам әйелді өлтіріп, кейін өзіне қол салмақ болды
Ұлытау облысының Жәйрем кентінде адам өлтіру фактісі тіркелді. 33 жастағы ер адам бірге тұрған әйелді пышақтап, артынша өзіне қол жұмсауға әрекеттенген, деп жазады Оinet.kz.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, ер адам әйелге 20 рет пышақ жарақатын салған. Ауыр жарақат алған төрт баланың анасы оқиға орнында көз жұмды.
Қылмыс жасағаннан кейін күдікті өзін жарақаттаған. Қазіргі уақытта ол медициналық мекемеде жатыр және полицияның тәулік бойы күзетіне алынған.
Ұлытау облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті – марқұммен азаматтық некеде болған.
Сот шешімімен оған қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Дәрігерлердің бақылауындағы емдеу шаралары аяқталғаннан кейін күдікті тергеу изоляторына қамалады.
Қазіргі таңда іс бойынша тергеу амалдары жалғасып жатыр. Істің барысы полиция басшылығының ерекше бақылауына алынған.


