Адамдарды «сиырға» теңеген діни ұстазға жаза тағайындалды
Instagram әлеуметтік желісінде өзін діни «ұстаз» ретінде таныстырған Нұржан Смағұлов азаматтарға қатысты қорлайтын сипаттағы видеоматериалдар жариялағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Оinet.kz.

Тергеу материалдарына сәйкес, ол өз сөзінде адамдарды «сиырлармен» салыстырып, қоғамда теріс пікір тудырған. Осыған байланысты полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 490-бабы 1-тармағы 3) тармақшасы бойынша әкімшілік хаттама толтырған.
Сот шешімімен Н.Смағұлов кінәлі деп танылып, оған 25 АЕК, яғни 108 125 теңге көлемінде айыппұл салынды. .


