Спортшылар Түркістанның туристік әлеуетін жоғары бағалады

Screenshot_15.jpg

Бүгін Алматы қаласынан 22-қыркүйек күні жолға шыққан велошерушілер облыс орталығындағы белгіленген мәреге келіп жетті. Республикалық  «Ел тірегі» қоғамдық бірлестігінің шексіз спорт ұранымен қолға алынған жоба мүмкіндігі шектеулі азаматтардың өмірге деген құштарлығын арттыруды көздейді. «Шекарасыз спорт» әлеуметтік жобасы бастамасымен ұйымдастырылған Алматы-Түркістан қайырымдылық шеруін түркістандық жастар құрмет-қошеметпен қарсы алды деп хабарлайды қалалық "Түркістан" газеті.  

Мыңдаған шақырымды артта тастап, алыс сапардан келген спорт сүйер жандарға аймақ басшысының орынбасары Сәкен Қалқаманов құттықтауын жеткізді. Ал, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Полат Қырықбаев пен қала әкімінің орынбасары Мұрат Базарқұлов арнайы медальдар табыстады.

Параолимпиада ойындарының чемпионы Зульфия Габидуллина бастап келген велошеру мүшелері  Түркістан облысының әкімдігіне, қала жастарына деген ыстық ықыласын білдірді. Спортқа жаны құмар жандар рухани шаһарға әлемдік қалаға айналуға лайықты деген баға беріп өтті. 

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Данияр Исабаевтың айтуынша, бұқаралық спорты насихаттауға қашан да бейім болуымыз керек. Шайтанарбаны серік еткендер бұған дейін Алматы-Ыстықкөл, Нұрсұлтан-Париж қалалары аралығындағы жолды бағындырған. Кезекті веломарафонға қатысушылар Түркістан облысының аумағына  жетіп, өңірдегі киелі жерлерді аралап көрді. Түркістан қаласының тарихи жерлері велошабондаздардың қызығушылығын оятты. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мейманхана туристер үшін қызмет етеді
  • Туристер қызмет көрсету үлгісіне дән риза
  • Қаланың әлеуметін арттыруға тамақ кәсібі ықпал етеді
  • Шәйхана қонақтар үшін өзіндік стилімен ерекше
  • Мейрамханалар жылдан-жылға жаңаруда
  • Ақпарат

    • Oinet.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16379-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер

  • Яндекс.Метрика