Қазығұрт ауданында залалсыздандыру жұмыстары қарқын алды

Oinet.kz 20-04-2020 567

Залалсыздандыру жұмыстары күшейтілді — "Айғақ" ақпараттық порталы

Бүгінгі күні Түркістан облысына кіретін аудан-аумақтар түгелімен карантинге жабылған. Оған себеп бүкіл жаһанды аяғынан тік тұрғызған COVID 19 вирусының кең етек алып еліміздің көптеген жерлерінен бой көрсетуі. Осыған орайелдегі коронавирус таралған аймақтарда залалсыздандыру жұмыстары қарқын алды. Қазіргі уақытта аудан көлемінде тек бір ғана коронавирус дерегі тіркелген. Қауіпті індетпен күресуде аудандағы билік өкілдері мен тұрғындар жаппай ат салысуда.

Осы мақсатта Түркістан облысына қарасты Қазығұрт ауданында да  тұрғындарының өмірін және денсаулығын қорғау, коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында, шаһардағы қоғамдық орындар мен көшелер, тұрғын үйлердің аулалары тұрақты түрде дезинфекциялануда. Бұл мәселені аудан әкімдігі қатаң бақылауға алған. Аудан орталығындағы Қонаев, Уалиханов және ішкі көшелерімен орталық базар маңына  сақтық шаралары жүйелі түрде жүргізілуде.

Сонымен қатар Қазығұрт ауылдық округінде бас аяғы 20 көше заласыздандырылды. Тұрғындар қауіпсіздігі үшін халық көп шоғырланатын мекеме кіребестеріне залалсыздандыру өткелдері қойылды. Аудан орталығындағы көп қабатты үйлердің аулалары адам көп шоғырланатын Халық банкі, Почта торабының алдары  дезинфекциялау жұмыстары толығымен аяқталды. Тазалық жұмыстары тұрғындардың қатысуынсыз, арнайы киім киінген қызметкерлердің көмегімен жүзеге асты. Осындай сәтте ел тыныштығы мен саулығы үшін қызмет етіп жүрген азамат, азаматшалардың еңбегі еленері әбден анық.

Ауданда COVID-19 індетінің таралуына қарсы залалсыздандыру жұмыстары мен блок бекеттерде тексеру жұмыстары да біршама күшейтілген. Онымен қоса қоғамдық тамақтану орындары мен азық-түлік дүкендері, дәріханаларды да аудан әкімдігі тарапынан құрылған арнайы комиссия қатаң бақылауға алған.

Мұндай шаралар тек аудан іші ғана емес, оған қарасты ауыл-аймақтарда да атқарылып жатыр. Мәселен Жігерген ауылы округі аумағында орналасқан кәсіпкерлік нысандар, білім беру мекемелері мен мектепке дейінгі тәрбиелеу орындарына короновирус пандемиясына қарсы залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді.

Ауқымды залалсыздандыру жұмыстарына аудан тұрғындары да ат салысып жатыр. Олардың айтуынша елдің елдігін көрсетіп, оны одан әрі нығайта түсетін кезең нақ қазіргі уақыт. Тұрғындардың алдындағы басты міндет - үйде қалу, ауладан тыс ешкіммен байланыста болмау. Және ол міндет өте мұқият орындалып жатқанын Қазығұрттың тым-тырыс тіршілігінен аңғаруға болады.

Аудандағы дәл қазіргі жағдайға келсек, әншейінде халыққа лық толатын сауда орнында бүгін жан баласы жоқ. Тек арнайы киім киген мамандар ғана залалсыздандыру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Айтуларынша, бұл дәріден адам денсаулығына келер зиян жоқ. Мұның бәрі халықтың қамы үшін жасалынып жатқан жұмыстар. Залалсыздандыру жұмыстары Кедендік одақ аумағында рұқсат етілген преператтармен ғана жасалады. Доза көлемі де қатаң сақталады. Айтуларынша, короновирусқа қарсы хлорлы таблеткалар мен сұйық дәрілер жеткілікті. Тұрғындардың қауіпсіздігі толықтай сақталып, тазалық жұмыстары уақылы атқарылып отыратын болады.

Сақтық шараларына тұрғындар да үн қосты. Әлемдік індеттен аман өту үшін, қолдан келген шараны ұйымдастырып, бірлесе жұмыс жасауды көздейді.

Аталған іс-шаралар енді ауыл окуріктеріндегі орталық көшелермен әлеументтік нысандар толығымен жасалатын болады. Ең бастысы - қорғану, алаңдамау, күнделікті тұрмысты жалғастыру.

Түлкібаста алма шаруашылығы қарыштап дамуда
Түлкібаста жаны жайсаң азаматтар жетерлік
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу