Жаңа мұнай зауыты келесі жылы іске қосылады

Oinet.kz 29-04-2020 587

Screenshot_21.png

Түркістан облысында "Standard Petroleum" ЖШС-інің мұнай өңдеу зауыты бой көтеруде. Жаңа зауыт Түркістан облысы Ордабасы ауданында 2021 жылы іске қосылмақ. Экспорт көлемі жылына 2 миллион АҚШ долларын құрайды деп күтілуде. Жоба ясында 1 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады. Жалпы құны 95 млрд. теңгені құрайды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Жалпы 2020-2021 жылдары өңірде экспортқа бағытталған 4 кәсіпорынды іске қосу көзделген. Олардың ішінде "Тұлпар Май" ЖШС (мақта майын өндіру, жобаның қуаты жылына 6 600 тонна, инвестиция сомасы 3,4 млрд.теңге), "JID&COM" ЖШС (бақша және жеміс-жидек өнімдерін терең өңдеу зауыты, жобаның қуаты жылына 400 тонна, инвестиция сомасы 0,2 млрд. теңге), "Ecoinvest" ЖШС (ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, жобаның қуаты жылына 16 мың тонна, инвестиция сомасы 6,8 млрд. теңге), сондай-ақ "Standart Petroleum & Co" ЖШС (көмір-химия комбинатын өндіру, жобаның инвестиция сомасы 24 млрд. теңге) бар.

Айта кету керек, 2020 жылдың қаңтар-ақпанында Түркістан облысының экспорт көлемі 54,9 млн. АҚШ долларын (оның ішінде шикізаттық емес экспорт - 15 млн. АҚШ) құрады.



Экспорт тоқтаған жоқ
Тұрғын үйлер тамызда тапсырылады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу