Түркістанда бесжұлдызды қонақ үйлер бой көтереді

Oinet.kz 29-04-2020 580


Screenshot_23.png

Түркістан қаласында бой көтерген Басқармалар ғимараты, Департаменттер ғимараты, Конгресс орталығында құрылыс аяқталып келеді. Ішкі әрлеу, инженерлік желілерін монтаждау және сыртқы абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс екі ауысымда жүріп жатыр. Нұр-Сұлтан алаңында құрылыс жұмыстары толық аяқталып, абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Оқушылар сарайы, Стадион, Бассейні бар спорт кешені де аяқталуға таяды. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев бастаған жауапты сала басшылары осы қазаны қайнаған құрылыс алаңдарын аралап көрді. Аймақ басшысы құрылыс жұмыстарының барысын тексеріп, мердігер компания жауаптыларына жұмыс қарқынын тездетуді тапсырды. Салынып жатқан нысандарды аралап, сапасына баса назар аударды.

Қалалық саябақта абаттандыру, дренаждық жүйе, су бұрқақтар, амфитеатр, аттракциондар орнату, сәндік су айдыны және көшеттер отырғызу жұмыстары жүргізуде. Сонымен қатар, шаһарда әлемдік талапқа сай бірнеше бес жұлдызды қонақ үй кешендері бой көтерді. Нысан құрылыстары өндірістік кестеге сәйкес жүргізілуде. Тұңғыш Президент саябағы жасыл желекке оранып, Ясауи мұражайының ішкі жұмыстары жүріп жатыр. Өмірзақ Естайұлы құрылысқа атсалысып жатқан шетелдік компания жетекшілерімен кездесіп, жұмыс барысындағы бірқатар өзгерістерді талқылады.


Тұрғын үйлер тамызда тапсырылады
Түркістанда ағын су тапшылығы болмайды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу