Түлкібаста оқу ғимараттарында құрылыс жұмыстары жүргізілуде

Oinet.kz 30-04-2020 652

ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТА 6 БІЛІМ МЕКЕМЕСІ ЖАНЫНАН ҚОСЫМША ҒИМАРАТ САЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Биыл Түлкібас ауданы бүлдіршіндері жаңа оқу жылын жаңа ғимараттарда өткізеді. Ауданда бүгінде 3 мектептің құрылысы жүріп жатыр, оның үстіне тағы да 6 мектеп жанына су жаңа ғимараттар оқушылардың игілігіне беріледі екен. 

Түлкібас ауданында елімізде коронавирус індетінің таралуына байланысты төтенше жағдай режимі жарияланғанына қарамастан, аудандағы бұған дейін бастау алған құрылыс жұмыстары қызу жүргізіліп жатыр. Ауданда халық санының өсуіне және білім алуға ыңғайлы жағдай жасау мақсатында облыстық және аудандық бюджеттерден қаржы бөлініп, өткен жылы 5 мектептің жанынан қосымша ғимарат салу жұмыстары басталған болатын.Атап айтсақ, Шақпақ-Баба ауылындағы С.Бреусов атындағы мектепке 200 оқушыға, П.Шевцов атындағы мектепке 150 оқушыға, Жыланды ауылындағы О.Кошевой атындағы мектепке 150 оқушыға, Мыңбай ауылындағы Жамбыл атындағы мектепке 150 оқушыға, Сеславино ауылындағы Сеславино мектебіне 150 оқушыға, Абай ауылындағы Ы.Алтынсарин атындағы мектебіне 150 оқушыға арналған қосымша корпус құрылыстары жүргізілуде.
П.Шевцов және С.Бреусов мектебінің қосымша ғимарат құрылысы ағымдағы жылдың тамыз айында толығымен аяқталып, жаңа оқу жылында пайдалануға берілмек. Ал қалған төрт нысанның құрылысы 2021 жылы аяқталады деп күтілуде.
Айта кетейік, бүгінде барлық аталған құрылыс алаңдарында карантин режиміне сәйкес құрылысшылардың қауіпсіздігі сақталып, оларды бетперделер мен дезинфекциялық заттармен қамтамасыз ету қарастырылған.

Қазығұрттық қайырымдылар 100 отбасыға азық-түлік таратты
«Bizbirgemiz» акциясына түлкібастық біртуарлар атсалысуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу