Қазығұрттық еріктілер жарады

Oinet.kz 24-05-2020 729

image.png

Бүгінде Қазығұрт ауданында жомарт жүректі азаматтар қайырымдылық шараларына белсене қатысуда.  Қазіргі кезең нағыз өле жегенше, бөле жейтін кез. Жаны жайсаң, жомарт азаматтардың қайырымды ісі кімнің болмаса да көңілін жібітері анық. Қиын-қыстау кезеңде бірін-біріне қол ұшын созу қазақтың қанына сіңген қасиеті. Қоғамда еріктілердің араласпайтын саласы жоқ

Бүгін Казыгурт ауданының ерікті жастары ауыз бекіткен біршама жандарға су және құрма таратып шықты. Көпшілігі батасын беріп, кейбірі қазіргі жастардың жүрегінде мейірім бар екенін атап жатты.

Сауда орталығы және адамдар шоғырланатын орынан бөлек азаннан кешке дейін қызмет етіп жатқан мемлекеттік қызметшілерге де тиісті азық-түлік таратылды.

Қазығұрт ерікті жастары өздерінің аудан басшысы Төлеген Телғараевты да ұмыт қалдырмады. Аудан басшысы да ниеттері түзу жастарды көп күттірмей қабылдауына кіргізді.

Естеріңізде болса, 13.05.2020 жылы толасыз жауған жаңбыр салдарынан Қазығұрт ауданына қарасты Жігерген ауылы округіндегі Диқан, Айнатас, Тесіктөбе елді мекендерін су шайып өткен болатын. Осы тұста Қазығұрт ауылының ерікті жастары (1991 жылы туылған азаматтар) су тасқыныныан зардап шеккен отбасыларға азық-түлік себеттері мен гигиеналық заттар үлестірді Жастардың осындай игілікті істеріне риза болған ауыл тұрғындары өз алғыстарын білдірді.

Қазығұрттықтар шағын несие мен қайтарымсыз несиенің шарапатын көруде
Сел шайған үйлердің құрылысы басталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу