Ордабасы: «Сыбағаның» шарапатын көріп отыр

Oinet.kz 16-09-2020 400

Сыбаға» бағдарламасының талаптары өзгертілді » Қазалы аудандық  қоғамдық-саяси газет

Мемлекет басшысының мал шаруашылығын жандандыру, еңбек өнімділігін арттыру және қайта өңдеу өнімдерінің экспорттық көлемін бес жыл ішінде 2,5 есеге арттыру бойынша тапсырмасына сәйкес қаламызда бірқатар жұмыстар атқарылып келеді. 

Ордабасылықтар да бұл бағдарламаның шарапатын көріп келе жатқандар қатарынан. 

«Сыбаға» бағдарламасымен Жайлаубаева Дина «Қазакы ақбас» тұқымды 6 бұқа, 150 сиыр, Садуақас Дайырбек «Ангус» тұқымды 4 бұқа, 90 сиыр, Шажилдаев Пернебай «Ангус» тұқымды 1 бұқ, 19 сиыр, «Service Pro» ЖШС «Ангус» тұқымды 76 аналық сиыр, «Алтын асық» бағдарламасы бойынша Өстемір Зулфия «Қазақтың құйрықты қылшық жүнді» тұқымды 227 қойын, 10 қошқар алды.

Сондай-ақ, 2 шағын мал бордақылау алаңы құрылып, тапсырма 100 пайызға орындалды.

Ет бағытындағы мүйізді ірі қара малының экспорттық әлеуетін дамыту мақсатында қабылданған "Сыбаға" бағдарламасы - ауылдағы мал өсіріп отырған, оның басын көбейте түсем деушілерге берілген зор мүмкіндік. Ол шаруашылықтардағы, жеке мал иелеріндегі жергілікті малдың тұқымын ет бағытында асылдандыру арқылы мүйізді ірі қара малының ет өнімділігін арттырып, еттің өзіндік құнын арзандатуды, мал басын өсіріп, мал шаруашылығы саласында қосымша жұмыс орындарын ашуды көздейді.  

"Сыбаға" бағдарламасы аясында берілетін несиенің үстеме пайызы төмен, қайтару  мерзімі ұзақ. Бұл несие тек қана мал шаруашылығымен айналысатын, оның ішінде етті бағыттағы ірі қара өсіруші жеке кәсіпкерге, шаруа қожалығына, фермерлік шаруашылыққа және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге берілуде.

Ордабасы: 4207 гектарға ауылшаруашылық дақылдары егілді
Ордабасы: 93 техника жаңартылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу