Ордабасы: Шаруашылықтың жұмысы жемісті

Oinet.kz 17-09-2020 435

Алматы облысында мал және ет өнімдерін тасымалдауға бақылау күшейтілді

Ордабасы ауданы, Бөржар ауыл округіне қарасты "Қаржау ата" шаруа қожалығының жұмысы бүгінде қарқынды жүріп жатыр.

Шаруа қожалық төрағасы Д.Жаналиевтің айтуынша шаруашылық 2017 жылы құрылған. 350-ден басталған ірі қара бүгінде 1500-ге жеткен екен.

Шаруа қожалығы негізінен ірі қараның етін сатумен айналысады. Олар малды сойып та, тірідей де сатады екен. Ет өнімдері Алматы, Шымкент қалаларына, көрші Өзбекстан еліне сатылымға түседі.

Қожалықта ауданның 12 азаматы тұрақты жұмыспен қамтылған. Бүгінде мал басын көбейту, бордақылау секілді жұмыстарды өрбітіп, болашақта кәсіпорынға тағы да жұмысшылар алу жоспарда екен.

Сонымен қатар, Бадам ауыл округінде орналасқан асыл тұқымды мал өсіру және мал бордақылаумен айналысатын «Сералы» шаруа қожалығына, аталған аумақта орналасқан жылыжай кешені қияр, қызанақ өсіретін «Аделя» шаруа қожалығымен, сиыр сүтін өңдеумен "Бөрте Милка" ЖШС және "Агро-V" ЖШС-нің автоматтандырылған жүйедегі жаңа технологиялы қыш зауыттары да бүгінде аудан экономикасында маңызды рөлі бар кәсіпорындар болып табылады.

Ордабасыда ел үшін ерекше бақ орналасқан
Ордабасы: Бюджет толықтай игерілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу