Ордабасы: Ауыл шаруашылығы саласы алға жылжып келеді

Oinet.kz 19-09-2020 544

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫ ҚАРҚЫНДЫ ДАМУДА » Сыр медиа

Мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдаулардың нәтижесінде Ордабасы ауданыда ауыл шаруашылығы саласы да қарқынды дамып келеді. Жыл өткен сайын аймақта мал саны көбейіп, тиісінше ет және сүт өнімдерінің де көлемі артуда. Бұл, әрине, тұтынушыға табиғи өнімге қолжетімділікті арттырса, мал шаруашылығымен айналысатын кәсіпкердің кәсібін өрге бастырары сөзсіз.

Ауданға қарасты Жеңіс ауыл округінің негізгі саласының бірі – ауыл шаруашылығы. Ауыл тұрғындары ауыл шаруашылық саласы, оның ішінде егін және мал шаруашылығымен айналысады.

Ауыл округінде егін шаруашылығымен айналысатын 13 заңды тұлға, оның ішінде 1 өндірістік кооператив, 12 жауапкершілігі шектеулі серіктестігі және 290 шаруа қожалығы жұмыс істейді.

Ауылдық округтегі шаруашылық саласында «Агроөнеркәсіп кешенін 2017-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасы» аясында үш жақты келісім-шарт бойынша тапсырма 3 736 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдарын егу жоспарланса, нақты 3 736 га жерге егіліп, тапсырма 100  пайызға орындалды.

Ордабасы: Бюджет есебі ашық түрде жарияланады
Ордабасы: Суармалы жерлер пайдасын береді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу