Тұрғын үй құрылысы бойынша рекорд орнатылды

Oinet.kz 04-03-2021 703

Screenshot_3.jpg      

Шекарасы ұлғайып,  халқы жыл санап өсіп келе жатқан  үшінші мегаполисте өткен жылы 1 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй құрылысы жүргізілген. Мұндай ауқымды тұрғын үй құрылысы Шымкент тарихында алғаш рет орын алып отыр. Шаһар басшысы Мұрат Әйтеновтің айтуынша былтыр қалада «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 262 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілген. Оның ішінде 649,1 мың шаршы метр тұрғын үй құрылысы аяқталып, 5 787 отбасы баспаналы болу мүмкіндігіне ие болған.  Өткен жылы салынған үйлер бойынша қала тарихында рекордты көрсеткішке қол жеткіздік. 2019 жылмен салыстырғанда 24 пайызға артқан, - деді қала әкімі 2020 жылдың қорытындысы бойынша онлайн форматта өткен халық алдында есеп беру кездесуінде. 

Әкімнің мәлімдеуінше, бүгінде қаладағы салынып жатқан үйлердің 85 пайызы - мемлекеттік үйлер. «Мемлекеттік үйлер бюджеттің мүмкіндігіне тәуелді. Коммерциялық үйлер салатын компанияларды қолдамасақ, Шымкентте баспана мәселесін ешқашан шеше алмаймыз», - деді қала басшысы.

Айта кетейік, биыл 661 мың шаршы метр тұрғын үй салынып, 5 754 пәтер халықтың игілігіне беріледі деп күтілуде. Қазіргі таңда қалада 40 мыңнан астам адам үй кезегінде тұр.  



Шардара ауруханасы 10 оттегі концентраторымен толықты
Шымкент бақ қалаға айналады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу