23 мыңнан астам адам сапалы электр желісіне қосылды

Oinet.kz 04-03-2021 735

Screenshot_4.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев облыс, қала басшыларына қала, әсіресе қаланың шеткі елдімекендеріндегі тұрғындарын инженерлік-инфрақұрылым желілерімен толықтай қамтамасыз ету керектігін тапсырған болатын. Президенттің тапсырмасына сәйкес Шымкент қаласының тұрғындарын сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында шаһардағы 81 тұрғын алабының 65-і сапалы электр қуатымен қамтылған. Өткен жылы қаланың 13 тұрғын алабында электр желісінің құрылысы аяқталып, 23 мыңнан астам адам сапалы электр желісіне қосылған болатын. Нәтижесінде, қамту көрсеткіші 93 пайыздан 95 пайызға жоғарылаған. 

Осы мақсатта биыл он тұрғын алабында электр желілерінің құрылысы пайдалануға беріліп, 21 мыңнан астам адам сапалы электрмен қамтамасыз етіледі. Қамту көрсеткішін 97 пайызға жеткізу жоспарланған. 

«Қалаға сапалы жылу беру үшін өткен жылы 15 нысанда құрылыс және жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жылу құбырларының тозу деңгейі шамамен 42%-дан 38%-ға төмендеді. Биыл тозығы жеткен 41 шақырым жылу құбыры жөнделіп, құбырлардың тозу деңгейі 38%-дан 37%-ға төмендейді», - дейді сала мамандары.

 Айта кетейік, елде төтенше жағдай жарияланып, студенттер мен оқушылар онлайн оқу форматына, көптеген мекемелер қашықтықтан қызмет көрсету режиміне көшкен уақытта қаладағы жарықтың сапасы сыннан өте білді. 


Жұмыссыздар азаюда
Бесінші перзентхана салынады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу