Биыл «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 2186 пәтер беріледі

Oinet.kz 05-03-2021 860

Screenshot_32.jpg

Миллионнан астам тұрғыны бар Шымкент қаласында баспана мәселесі өзекті. Себебі қала халқы жыл санап өсіп келеді. Сол себепті тұрғын үйге деген мұқтаждық та артып келеді. Мәселен  соңғы үш жылда шаһарда  кезекте тұрған адам саны 10 389-ға артыпты. Алайда қала басшылығы баспана мәселесін оңтайлы шешіп келеді.  Айталық өткен  жылдың қорытындысы бойынша қалада арендалық негізде 1596 пәтер берілген. Биыл жоспар бойынша арендалық негізде 976 пәтер тапсырылады дейді мамандар (көпбалалы отбасыларға – 378, халықтың әлеуметтік әлсіз тобына – 238, жұмыс істейтін жастарға – 300, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға - 60). 2021 жылы «Жастар» бағдарламасы бойынша 3648 өтінім келіп түскен. 300 пәтерді «Жаңа Тұрлан», «Тұран», «Асар 2» шағынаудандарынан беру жоспарланған.

Ал «Нұрлы жер» бағдарламасының кредиттік бағыты бойынша өткен жылы 2614 пәтер берілген. Соңғы үш жылда 3764 отбасы пәтер кілтін иеленген. Осы жыл жоспар бойынша кредиттік негізде 2186 пәтер беру жоспарланған: 350 пәтер – «2-10-20» («Бақытты отбасы»), 1728 пәтер – «5-10-20» («Шаңырақ» пилоттық бағдарламасы) және 108 пәтер – «7-20-25» бағдарламасы. 

   «Халыққа қолжетімділікті арттыру және тұрғын үй беру саласында сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мақсатында әкімдік тарапынан қызметтерді автоматтандыру жұмыстары басты назарға алынып отыр. Тұрғын үй беру жолдарын халық арасында кеңінен насихаттау үшін медиа жоспар бекітіледі. Бүгінде тұрғын үй кезегін E-gov порталынан және тұрғын үй басқармасында ашылған өзіне өзі қызмет көрсету бұрышынан білуге болады. Сондай-ақ, жұмыспен қамту орталықтарында осындай қызмет бұрыштарын ашуды тапсырдым, – дейді қала әкімі М.Әйтенов. 


Қатерлі ісіктер ерте анықталып жатыр
«Дархан» базары жаңаша келбетке ие болмақ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу