Түркістанда көшпенділер өркениетін «Аттар шоуы» көрсетеді

Oinet.kz 10-03-2021 506

fe1b6541-21fd-48ea-ba39-c68c2b6d2117.jpg

Түркістан қаласында көшпенділер ойындары көрсетіледі. Ол үшін Парижден арнайы алдырылған асыл тұқымды, қолға үйретілген жылқылар Түркістанға жеткізілді. Франция елі мен Қазақстанның өзге де өңірлерінен әкелінген 33 жүйрік ат «Керуен сарай» көпфункционалды туристік кешенінде 3D-графикасын қолдана отырып ұсынылатын театрландырылған қойылымға қатысады.

Францияның жылқы өсіру зауыты Қамбар ата төлін өсіруде дәстүрлі тәсілдермен қоса инновациялық технологияларды қолданады. Сәйгүліктерді салт жүріске үйретеді. Түркістан төрінде көшпенділер өркениетін көрсету үшін қолға алынған «Аттар шоуы» кезінде ашық аспан астында цирк өнері мен отты шоу көрсетіледі. Оларды баптауға арнайы дайындықтан өткен мамандар атсалысуда. Көпшілікке ұсынылатын шоу бағдарламаның арнайы кестесі бекітілуде.

Облыс басшысы Өмірзақ Шөкеев Түркістан қаласындағы құрылыс алаңдарын аралап, Туризмнің негізгі ошағына айналатын «Керуен сарай» кешеніндегі көрермендерге арналған алып аренаны көріп, көгалдандыру жұмыстарының барысымен танысты. Күрделі құрылыс аяқталған алаңда облыс әкімі ондағы жұмыс барысын пысықтады.

Өңір басшысы мәдени-рухани орталықта орналасқан ғылыми-әмбебап кітапханада жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарымен танысты. Жалпы аумағы 8500 шаршы метрге жететін үш қабатты ғимаратта 400 орындық оқу залы, 250 мың кітап қоры болады. Шөкеевтің тапсырмасымен кітапхананың ішкі қабырғалары әйнекке ауыстырылып, заманауи техникамен жабдықталуда. Жиһаздар орнатылуда.


Түркістанда жасанды көлге су жіберілді
Түркістанда құрылысшыларға еңбек заңнамасы түсіндірілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу