Сот жүйесінде жаңа өзгерістер!

Oinet.kz 22-05-2021 862

Screenshot_2.png

Шымкентте қалалық соттың ұйымдастыруымен арнайы пресс-тур өтті. Онда бұқаралық ақпарат құралдарына заң шығарушы органдардың қызметіндегі жаңа өзгерістер таныстырылды. Қатысушылар электрондық-ақпараттық технологиялар мен сервистердің қалалық сотта қалай жұмыс істейтінін бақылап қайтты.

Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне алдымен сотқа кіреберістегі кеңсенің жұмысы таныстырылды. Сотқа келушілерге қолайлы қызмет көрсету мақсатында жасалған фронт кеңсе заманауи стандарттарға сәйкес жабдықталған. Мұнда медиаторларға, адвокаттар мен прокурорға іс материалдарымен танысуына арналған кабинеттер бар.

«Үлгілі сот» бағдарламасын іске асыру мақсатында, алғаш болып Шымкент қаласында 2018 жылы Қаратау және Еңбекші аудандық соттарында «Фронт-офис» ашылды. Бұл ақпараттық орталық кіріс хат-хабарлар және өзіндік қызмет көрсету аймағынан тұратын үш негізгі бөліктен тұрады. Сонымен қатар соттар «OpenSpace» принціпі бойынша қызмет етуге көшті»,- дейді Шымкент қалалық соты төрағасының міндетін атқарушы Ербол Жанғазин.

Заң үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадамдардың бірі барлық сот мәжіліс залдарына аудиобейнетіркеу жүйесін енгізу болып табылады. Шымкент қаласының соттары аудиобейнетіркеу жүйесімен толық жабдықталған және бағдарламалық қамту бойынша жаңартылған.


«Хызыр» мұнарасы ашылды
Тамақ өнеркәсібі бойынша 3 жоба жүзеге асырылады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу