Заманауи технологияларды игеру уақыт талабы

Oinet.kz 30-06-2022 287

Screenshot_9.jpg

Жалпы өңірімізде ағын су тапшылығы жыл сайын өзекті мәселеге айналып келеді. Сондықтан да осы қиындықтардың алдын алу үшін жаңа технологияларды игерудің маңызы зор. Осы мақсатта бүгін Балтакөл ауылында ауыл шаруашылығы мамандарының қатысуымен «Тамшылатып суғару әдісін енгізу» жобасы аясында ауыл шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін ұлғайту жөнінде семинар-кеңес өтті. Шараға аудан әкімінің орынбасары Ержан Оралбай, Тамшылатып суғару әдісін қолданысқа енгізген «Асылбек» шаруа қожалығының төрағасы Мұхтарбек Асылбекұлы, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Түркістан облысы бойынша филиалы директорының орынбасары Азат Муитенбаев және ауыл шаруашылығы саласынынң мамандары мен шаруалар қатысты.

Семинарға келген қонақтар алдымен ауданымыздағы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің тақырып аясында құрылған заманауи технологиялармен танысты. Мұнан соң «Тамшылатып суғару әдісін енгізу» жобасы аясында атқарылып жатқан жұмыстар баяндалып, технологияны меңгерудің қыр-сыры түсіндірілді. 

Жиында «Жаңа Отырар» Кредиттік серіктестігі ЖШС басқарма төрағасы Бақытжан Күлсінбаев «Кредиттік серіктестік мүшелеріне мал және егін шаруашылығы бағытында жеңілдетілген несие ұсыну» тақырыбында баяндама жасап, бағдарлама жетістіктерін атап өтті. Келелі кездесуде шаруалар өздерін толғандырған мәселелері бойынша сауалдарын қойып, мамандар тарапынан тұщымды жауаптар алды.

Айта кету керек, ауданымызда ағымдағы жылы тамшылатып суғару әдісін бойынша орындалған жұмыстар 110 га құрап, тиісті жұмыстарға ерекше көңіл бөлінуде. Атап айтқанда, Қарақоңыр ауыл округінен «Green Farm» ЖШС заманауи технологияларды қолдана отырып жаңбырлатып суғару әдісімен 40 га егіс алқабына арпа дақылын ексе, тамшылатып суғару әдісімен Ақтөбе ауыл округінен «Азия Агро Групп» АШӨК 70 га аумаққа дәндік жүгері дақылын өсіруде.

Облыс әкімі отырарлықтардың хал-жағдайымен танысты
Ордабасыда «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 37 жоба іске асырылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу