«Teṅ qoḡam»-ның көмегі көп

Oinet.kz 28-07-2022 168

Screenshot_6.png

Мемлекет басшысы қоғамда барлық азаматқа қолайлы жағдай, жайлы инфрақұрылым жасақтауды тапсырды. Әр адамның өз мүмкіндігін жүзеге асыруға мемлекет қолдау көрсетеді. Түркістан қаласында ерекше қажеттілігі бар азаматтарға әлеуметтік – құқықтық кеңес беретін, кәсіпкерлікке баулып, тұрмыстық дағдыларға баулуға, жұмысқа орналасуға көмектесетін - «Teṅ qoḡam» орталығы жұмыс жасауда. 

Орталыққа жұмысын бастағалы 216 тұрғын тіркелген. Оның ішінде ерекше қажеттілігі бар 108 азаматқа жалпы сипаттағы көмек көрсетілсе, 9 азамат тұрақты және қоғамдық жұмысқа орналастырылды. 

Сонымен қатар, жеке кәсібін ашуға ниетті орталық қызметіне жүгінуші – 34 адам арнайы бизнес тренингтен өтті. 

Одан бөлек, заманауи IT дағдыларын жетілдіруге арналған «I TeachMe» инклюзивті туры ұйымдастырылып, арнайы сертификаттар берілді. 

 «Egov» электронды үкімет порталын пайдалану бойынша компьютерлік сауаттылық курстары өткізіліп, азаматтарды кезең-кезеңімен оқыту жүзеге асырылуда. 

Және де ерекше қажеттілігі бар азаматтардың бос уақытын тиімді пайдалану үшін қаламыздағы тарихи мәдени орталықтарға экскурсия ұйымдастырылып, қолөнер бұйымдарын жасау курстары тұрақты өткізілуде.

Айта кетейік, «Teṅ qoḡam» – еліміз бойынша мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған үшінші қолдау орталығы. «Тең қоғам» әлеуметтік қолдау орталығы «бір терезе» қағидасымен 5 бағытта қызмет көрсетеді. Мұнда дәрігер мен психолог жұмыс істейді.  Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмысқа орналастыруға баса назар аударылған. Сондай-ақ, бұл жерде мүмкіндігі шектеулі азаматтар әлеуметтік порталдың қызметін өз бетінше алуды үйренуіне болады.  

273 бизнес идея қаржыландырылады
Жас спортшылар жарап тұр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу