Қызылжарлықтарды алаңдатқан мәселенің түйіні тарқатылды

Oinet.kz 01-12-2025 5

     Шымкент – соңғы жылдары демографиялық өсімі жоғары, экономикалық әлеуеті артып келе жатқан мегаполис. Қала аумағы кеңейіп, жаңа шағынаудандар мен тұрғын алаптар бой көтеруде. Бұл өз кезегінде инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту қажеттілігін күшейтті. Бүгінде Шымкент қаласы осы бағытта ауқымды, жүйелі жобаларды жүзеге асырып, тұрғындардың өмір сапасын жақсартуда. 

image.png

Қалада соңғы жылдары Тұран, Асар-2, Бозарық, Шымсити сияқты жаңа аудандардың қалыптасуы Шымкенттің кеңістіктік дамуына тың серпін берді. Бұл аумақтарда тұрғын үйлердің жаңа типтері бой көтеріп, әлеуметтік нысандар – мектеп, балабақша, медициналық орталықтар салынды, коммерциялық және кәсіпкерлік аймақтар дамуда. Жаңа үйлерді жай ғана салу емес, тұтас шағынаудандық экожүйе құру – қаланың басты мақсаты.

   Шымкент мегаполис ретінде халық саны 1  миллионнан асқан үлкен қала. Сондықтан жаңа тұрғын алаптарды дамыту – экономикалық өсудің, құрылыс саласының және халықтың әлеуетін арттырудың негізгі тетігі. Қала басшылығының айтуынша, Шымкент толық әрі тұтас инфрақұрылымды қалаға айналу бағытында стратегиялық жоспармен жұмыс жүргізіп келеді. Шымкенттің жаңа шағынаудандары мен тұрғын алаптарының дамуы – тек құрылыс емес, бұл – қала болашағына жасалған инвестиция. Инженерлік инфрақұрылымның жақсаруы, әлеуметтік нысандардың көбеюі, жолдардың жаңаруы – тұрғындардың жайлы өмір сүруіне жағдай жасаудың айқын көрінісі. Шымкент мегаполис ретінде күн өткен сайын жаңарып, келешекке нық қадам басуда.

    Осы  ретте  Шымкент қаласының Абай ауданына қарасты Қызылжар-2 шағынауданында бірнеше жылдан бері өзекті болып келген инженерлік инфрақұрылым тапшылығы мәселесі біржола шешімін тапты. Биыл көктемде мегаполис әкімінің тұрғындармен өткен көшпелі кездесуінде осы аумақтың халқы ауыз судың жетіспеушілігі, тұрақсыз электр қуаты және табиғи газдың жоқтығы ең өзекті әлеуметтік проблема екенін атап өткен болатын.

      Тұрғындар көтерген мәселе бойынша қала әкімі тиісті құрылымдарға шұғыл тапсырма беріп, инфрақұрылым желілерін қысқа мерзімде жеткізуді міндеттеді. Сөйтіп 2024 жылдың сәуір айында Қызылжар-2 аумағында инженерлік желілердің құрылысы басталды. Жоба Алқап, Ордакент, Нұрлыкент, Сығанақ, Теренөзек және Көлкент көшелерін толық қамтуды көздеді.

       Жобаның бірінші кезеңінде ең қажетті коммуникациялар — ауыз су құбыры, электр желісі және табиғи газ инфрақұрылымы тартылды. Жұмыстардың нәтижесінде бұрын негізінен тасымалданатын суға тәуелді болып келген және электр жарығы жиі үзіліп тұратын шағынаудан тұрғындары алғаш рет тұрақты және заманауи инженерлік инфрақұрылымға қол жеткізді.

     Қазіргі таңда 265 үй тұрақты ауыз сумен және электр қуатымен қамтамасыз етіліп отыр. Бұған қоса, табиғи газ құбыры толық жеткізіліп, әр үйдің қосылуына мүмкіндік жасалды.

Жоба іске асырылғаннан кейін шағынаудан тұрғындары өз ризашылықтарын білдіруде. Көп жылдан бері күткен қолайлы жағдайдың жасалуы олардың өмір сапасын едәуір жақсартты. Әсіресе жастар мен балаларға арналған инфрақұрылымның дамуы, қауіпсіз орта қалыптастыру – басты жетістік.

Абай ауданының әкімдігі алдағы уақытта да Қызылжар-2 аумағында абаттандыру, көгалдандыру және қоғамдық кеңістіктерді дамыту жұмыстарын жалғастыратынын мәлімдеді.

Қызылжар-2 шағынауданында инженерлік инфрақұрылым тапшылығының шешілуі – Шымкент қаласының жоспарлы және қарқынды дамуының бір көрінісі. Бұл – тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған нақты қадамдар мен нәтижелі жұмыстың жемісі. Алдағы уақытта да қалада инфрақұрылымды жетілдіру бағытында ауқымды жобалар жүзеге аса бермек.

Қаланың дамуы – тұрғындардың өмір сапасының жақсаруы. Осы бағыттағы жұмыстар жалғасын табады.

Шымкент қаласында «Айкөл» тұрғын ауданында су жүйесі іске қосылды
Табиғат пен экономиканы тоғыстырған сала
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу