Абай ауданында биыл 5 гүлзар ашылған

Oinet.kz 02-12-2025 7

Қала инфрақұрылымын дамытуда қоғам пікірінің маңыздылығы артып келе жатқан заманда «Халық қатысатын бюджет» жобасы азаматтардың өз аумағын жақсартуға тікелей атсалысуына мүмкіндік беретін жаңа әрі ашық механизмге айналды. Бұл бастама мемлекеттік басқарудағы ашықтық пен қоғамдық белсенділікті арттыру мақсатында енгізіліп, бүгінде халық пен билік арасындағы тиімді диалог платформасына айналып отыр.

image.png

 «Халық қатысатын бюджет» – белгілі бір қаржы көлемін жергілікті тұрғындардың ұсыныстары мен дауыс беру нәтижесі бойынша бөлуге мүмкіндік беретін бағдарлама. Оның негізгі міндеттері тұрғындарды қоғамдық кеңістікті дамытуға тарту; қала проблемаларын халықпен бірлесе шешу; өңірдегі өзекті мәселелерді нақты анықтау;  жергілікті бюджеттің тиімді әрі ашық жұмсалуын қамтамасыз ету. Тұрғындар өз аудандарында қажет деп санайтын жобаларды онлайн немесе аудандық әкімдіктер арқылы ұсынады. Мысалы: аула алаңын абаттандыру, спорт немесе балалар ойын алаңшасын орнату, көше жарықтандыруын жақсарту, шағын саябақтар мен жасыл аймақтар жасау, жаяу жүргінші жолын салу және т.б. Жоба енгізілгеннен бері қаланың әр ауданында ондаған аула абаттандырылып, жаңа спорт алаңдары салынып, көшелер жарықтандырылды. Тұрғындар тарапынан ұсыныстар саны жыл сайын артып, қоғамның басқаруға араласу деңгейі күшейіп келеді. «Халық қатысатын бюджет» – халықтың өз ортасын жақсартуға деген ықыласын күшейтіп, қала инфрақұрылымын халық сұранысына сай дамытудың заманауи тетігі. Бұл жоба жергілікті өзін-өзі басқарудың тиімді үлгісі ретінде Шымкентте де, еліміздің басқа аймақтарында да оң нәтижесін көрсетіп отыр.

     Жыл сайын аумағы ұлғайып, халық саны өсіп келе жатқан Абай ауданы да  бұл жобаның игілігін көріп отыр. Мамандардың айтуынша  ауданда биыл «Халық қатысатын бюджет» жобасы  арқылы  5 гүлзар ашылған. Ал 2 гүлзар  демеушілер есебінен пайдалануға беріліпті. Олардың бірі «Шымситиде» болса екіншісі «Бозарық» шағын ауданында орналасқан.    

     Қоршаған ортаны қорғау және қалалар мен елді мекендерді тазалыққа баулу – еліміздің әлеуметтік және экологиялық дамудың басты бағыттарының бірі. Осы мақсатта Қазақстанда жыл сайын өткізілетін «Таза Қазақстан» акциясы халықтың назарын экологиялық мәселелерге аударып, жауапкершілікті арттыруға бағытталған. «Таза Қазақстан» акциясының негізгі мақсаты – ел аумағында санитарлық тазалықты қамтамасыз ету, қоқыс шығару мәдениетін қалыптастыру және тұрғындарды экологиялық тәртіпке баулу. «Таза Қазақстан» акциясы тұрғындарды экологиялық жауапкершілікке үйретіп қана қоймай, нақты қоршаған ортаны қорғау нәтижелерін көрсетеді. Аталған іс-шаралар қала тұрғындарын белсенділікке шақырып, экологиялық жауапкершілікті арттыруға мүмкіндік беруде. «Таза Қазақстан» акциясы – елімізде экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғау және азаматтардың белсенділігін арттырудағы маңызды бастама. Тұрғындардың қатысуы мен жауапкершілігі арқылы қалалар мен елді мекендер таза әрі жайлы өмір сүруге қолайлы ортаны қамтамасыз ете алады. Аталған тазалық шарасынан Абай ауданының тұрғындары да шет қалып жатқан жоқ.  Мұнда жыл басынан бері 46 сенбілік ұйымдастырылып, оған 100 мыңнан астам адам қатысқан. Әр сенбілік  түрлі форматта өтуде дейді маманедар. Айталық тұрғындар  бір сенбіде тұрғын үйлердің аулаларын тазаласа, келесі сенбіде канал, су жағалауларын тазалауда, енді бірде көше бойларын сыпырып, қоқыстан тазартқан. Мұндай шаралар қала тұрғындарын тазалыққа үйретіп, экологияға, қаламызға деген жанашырлық сезімдерін оятуда.

      Қала аумағының  санитарлық тазалығы, жол қозғалысының қауіпсіздігі және қоғамдық тәртіпті сақтаумен қатар  ретсіз сауда орындары да  аса маңызды мәселе болып отыр. Оны жою және заң аясында реттеу – тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға және қала инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған мемлекеттік саясаттың негізгі бағыты. Жабайы сауда мен ретсіз сауда орындарын жою – тек заңды талаптарды орындау ғана емес, сонымен қатар қала экономикасы мен қоғамдық тәртіп үшін маңызды. Мемлекеттік органдардың құқықтық шаралары, тұрақты мониторинг пен рейдтер, заңды кәсіпкерлікті қолдау және халықтың ақпараттандырылуы – қаланы таза, қауіпсіз және дамыған орталыққа айналдырудың негізгі кепілі болып табылады. Белгіленбеген орындарда ретсіз сауда жүргізген азаматтарға бірінші ескерту берілсе, екінші жағдайда айыппұл салынады.  Салаға жауаптылардың айтуынша Абай ауданында жыл басынан бері мамандар осы жағдайға байланысты 1326 хаттама толтырған. Оның ішінде 186  айыппұл, қалғанына ескерту берілген. Аталған жұмыстардың нәтижесінде 4 миллион 776 мың теңге айыппұл өндіріліпті.  

     Абай ауданының даму стратегиясы алдағы жылдары да әлеуметтік-экономикалық тұрақтылық пен тұрғын әл-ауқатын арттыруға бағытталады. Ауданда жаңа өндіріс орындарын ашу, қызмет көрсету саласын дамыту, жасыл аймақтарды көбейту және тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстар жалғасатын болады. Биылғы жылға Абай ауданынының әлеуметтік-экономикалық дамыту жұмыстарына  жергілікті бюджеттен  28,3 миллиард теңге бөлінген. Қазіргі таңда аудан әкімдігі 30,2 миллиард теңгені қамтамасыз етіп, 1,8 миллиард теңгені жоспардан тыс артығымен орындаған. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда аудан бюджетінің 107 пайызға ұлғайғанын білдіреді. 

    Абай ауданы — Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосатын ірі тұрғын аймағы. Халық санының өсуі, жаңа құрылыстар мен инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары ауданның стратегиялық маңызын арттыра түседі. Қазіргі таңда жүргізіліп жатқан жобалар Абай ауданын қолайлы, заманауи және өмір сүруге ыңғайлы мегаполис аумағына айналдыруға бағытталған.

Жол сапасын жақсарту – қалалық дамудың негізгі көрсеткіші
№53 мекемеде жұмыс сапары ұйымдастырылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу