Бадам аймағындағы су жағалауы нығайтылуда

Oinet.kz 03-12-2025 5

2025 жылға қарай Шымкент қаласында төтенше жағдайлар санын 5%-ға азайту жоспарлануда. Бұл көрсеткіш төтенше жағдайларды алдын алу бойынша қабылданып жатқан шаралардың нәтижесінде байқалады.  Ағымдағы  жылы су тасқыны қаупі 18%-ға төмендейді деп күтілуде. 

image.png

Бұл қалада су тасқынына қарсы бөгеттерді күшейту, арық жүйелерін кеңейту және экологиялық бақылауды жетілдіру арқылы жүзеге асырылмақ. Сонымен қатар, тұрғындарға төтенше жағдайлар кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау туралы ақпараттық түсіндіру жұмыстары кеңейтіледі. Мамандардың айтуынша  2023 жылы салынған бөгеттер мен арықтар су тасқыны қаупін 12%-ға төмендеткен болса, биылғы жылы қосымша инженерлік жобалар іске асырылып, бұл көрсеткіш 18%-ға жетпек.

   Осы орайда Шымкент қаласы әкімінің тапсырмасына сәйкес шаһар аумағындағы су жағалауының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және гидротехникалық инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары жалғасуда. Мысалы, «Hydrolife 2050» ЖШС мердігер мекемесі Бадам-2 аймағында өзен дамбасын нығайтып, жағалауды бекітіп келеді.

Шымкент қаласы үшін Бадам өзені – табиғи су ресурсы ғана емес, сонымен қатар экологиялық, инженерлік және қауіпсіздік тұрғысынан аса маңызды нысан. Қала аумағы арқылы өтетін өзеннің су деңгейі жауын-шашын, көктемгі тасқын кезінде айтарлықтай көтерілетіндіктен, жағалауды бекіту мен дамба салу жұмыстары жыл сайынғы стратегиялық міндеттердің бірі болып келеді.

    Мұндағы мамандар жұмысты арнайы техникамен атқаруда. Атап айтқанда құрылыс алаңына шынжыр табанды және дөңгелекті экскаваторлар, таптағыш, жүк тиегіш, сүргіш техника мен ауыр жүк көліктері, трактор – жалпы саны 16 арнайы техника жұмылдырылған.

    Қазіргі таңда жобаның екінші кезеңінде өзеннің оң жағалауы нығайтылып жатыр. Алдымен дамба еңісі жоспарланып, арматура қаңқасы әзірленеді, одан кейін бетон құйылады. Барлық жұмыс бекітілген кестеге сәйкес, тиісті талаптар қатаң сақтала отырып атқарылуда. Жобаның негізгі мақсаты – су тасуының алдын алу және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

     «Бадам өзені» – Шымкент қаласының маңында өтетін су айдыны, су қорғау аймақтары мен жергілікті су объектілерінің қатарына енген. Қала құжаттары бойынша Бадам өзенінің бойына белгілі өлшемдерде су қорғау белдеулері белгіленген.

«Халық қатысатын бюджет» жобасы: ел дамуға қоғамның тікелей үлесі
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу