Шымкентте лифт апатынан әйел зардап шекті

Oinet.kz 31-01-2026 45

Шымкент қаласындағы Қонаев даңғылы бойында орналасқан көпқабатты тұрғын үйде лифт апаты тіркелді. Оқиға салдарынан әйел адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Оinet.kz.

image.png

Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 16 қабатты тұрғын үйде лифт 12-қабат деңгейінен белгісіз себептермен төмен қарай қозғалған. Қауіпсіздік жүйесі іске қосылып, лифт 7-қабат тұсында тоқтаған.

Оқиға орнына жедел қызметтер жетіп, зардап шеккен азаматша лифтіден шығарылды. Дәрігерлер оның табан сүйектерінің сынғанын және омыртқа жарақатын анықтады. Әйелдің жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр.

Аталған дерек бойынша полиция тергеу жұмыстарын бастады. Оқиғаның себептері анықталып, тергеу нәтижесіне сәйкес процессуалдық шешім қабылданады.

Проект новой Конституции формирует основу эволюции государства и общества – Бакыт Нурмуханов
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу