Ақтөбеде 9 айда үш мыңға жуық тұрмыстық зорлық-зомбылық тіркелген

Oinet.kz 10-10-2019

Картинки по запросу тұрмыстық зорлық зомбылық

Ақтөбеде тоғыз айдың ішінде тұрмыстық зомбылық дерегі өткен жылға қарағанда өскен. Тұрмыстық зорлық бойынша 3000-ға жуық оқиға орын алған, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақтөбеде әйелдер үшін үш зорлық-зомбылық көргендерге арналған дағдарыс орталығы жұмыс істеп тұр. Ерте жүкті болғандар, жүкті кезінде барар жері қалмағандар "Ана үйіне" жіберіледі. Ал отбасындағы дау-жанжал кезінде зәбір көрген аналар "Малика" дағдарыс орталығын паналайды. 

"9 айдық қорытындысы бойынша 2993 тұрмыстық зорлық-зомбылық дерегі тіркелді. Өткен жылы дәл осы кезде 2626 оқиға болды. Яғни, өсім бар. Әйелдерді ұрып-соғу бойынша - 502, әйелдерге қатысты жасалған қылмыс 259 дерек тіркелді", - деді Ақтөбе облыстық полиция департаменті Әйелдердің құқығын қорғау жөніндегі инспектор Ақгүл Есенғалиева.


Түркістанда #параберме челленджі басталды
Арыс қаласының бас қақпасы ашылды

Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×