Жамбылда туған қызын зорлаған әке өмір бойына сотталды
Жамбыл облысында ер адам туған қызын зорлаған. Сот оны өмір бойына бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Kyn.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға Қордай ауылында болған.
Сотталушы мас күйінде 6 жасар қызына қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған.
Ер адам кінәсін толық мойындады. Сот оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Сонымен қатар моральдық шығынның өтемі ретінде 5 млн теңге өндірді.