«Жылап жібердім»: Астаналық 19 жастағы бойжеткен такси жүргізушісінен сексуалдық қысым көрді

Oinet.kz 04-08-2025 1519

Астанада 19 жастағы бойжеткен InDriver қосымшасы арқылы шақырылған такси жүргізушісінің сексуалдық сипаттағы әдепсіз әрекеттерінің құрбаны болды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Stan.kz-ке сілтеме жасап. 

Screenshot_1.jpg

Қыз анасымен бірге қаладағы сауда ойын-сауық орталығына бару үшін көлікке отырған. 

Қыздың айтуынша, бастапқыда бәрі дұрыс болған. Жүргізуші тапсырып алғанда хабарласып, қыздан одан басқа кім бар екенін сұраған. Ер адам 10-12 минутта келіп, бойжеткен анасының жанында артқы орындыққа жайғасқан. Алайда жол бойы жүргізушінің көлік айдай жүріп, артқы айналар арқылы үнемі қызға көз тастағаны мазасыздық тудырған.

"Бір сәтте жүргізушінің маған таңғаларлық, мазасыздандыратын көзқараспен қарап отырғанын байқай бастадым. Алғашында мән бермей, "жай ғана қарап отыр шығар" деп ойладым. Бірақ кейінірек оның қолымен бірдеңе істеп жатқанын байқадым. "Бәлкім, денесі қышып кеткен шығар" деп ойладым. Алайда бірнеше минуттан соң анық көрдім — ол мaстурбация жасап отыр екен, бәрі анық көрініп тұрды", – деп жазды Аружан желідегі парақшасында.

Аружан ер адамның оған артқы айнаның көмегімен тік қарап, қайта-қайта бұрылып, көз тастап отырған.

"Қатты қорқып кеттім, абдырап, қатып қалдым. Мен ешнәрсе байқамағандай түр көрсетуге тырыстым, оны арандатпау үшін. Біз "Мега" маңындағы онша адам жүрмейтін жолда келе жатыр едік, ал менің басыма қорқынышты ойлар келе бастады. Егер ол бізді басқа жаққа алып кетсе ше, бір нәрсе жасаса ше?.. Анама қарадым, ол ештеңе байқамаған екен. Жүргізуші болса әлі де артқы айна арқылы маған қарап, өзінің жыныс мүшесін міндетті түрде көруім керек сияқты ишара беріп отырғандай болды", – деп жазды ару.

Жол бойында бір бағдаршамда көрші көліктің жүргізушісі жолаушы есігінің ашық тұрғанын ескерткен. Сол сәтте InDriver жүргізушісі өзінің әрекетін тоқтатпастан, есікті жабуға ұмтылып, бойжеткеннің аяғына тиген. Қыз жағдайдың қаншалықты қауіпті екенін түсініп, дәлел жинау мақсатында оқиғаны жасырын түрде видеоға түсіріп үлгерген.

"Біз "Мегаға" жақындап қалдық. Мен ештеңе болмағандай түр жасап, сабырмен "Kaspi нөміріңізді айтыңызшы, аударым жасайын" дедім. Ол нөмірін айтты, мен ақша аудардым. Көлік тоқтаған сәтте мен бірден атып шығып, анамның қолынан ұстап, фудкортқа қарай жүгірдік. Ішке кірген соң, өзімді ұстауға шамам келмей, жылап жібердім. Анама болған жағдайдың бәрін айтып бердім. Ол мені жұбатты да "Бұл жағдай бойынша міндетті түрде арыз жазу керек. Сен өзіңе де, денсаулығыңа да зиян келтіріп жатырсың. Ертең сондай еркектер бірдеңе жасаса, қайта жылайсың" деді”, – деді Аружан.

Оқиғадан кейін бойжеткен жылап отырып 102 нөміріне қоңырау шалған. Шок күйінде болғандықтан, нақты сөйлеу қиынға соққан. Кезекші қызметкер телефонын анасына беруін сұраған. Ол түсіріп үлгерген видеоны полицияға жолдап, көп ұзамай келген патрульдік топқа көрсеткен. Полицейлердің бірі қысқа жолақ шалбар жайлы орынсыз пікір айтқан, бұл жәбірленушіге өзін кінәлі сезіндірген.

Анасы мен қызы аудандық бөлімшеде арыз жазып, болған жайтты толық баяндаған. Сол жерде күдікті де болған. Анасы оны көріп, ашуға бой алдырып, боқтап жіберген. 

Кейін жүргізуші ұсталып, оның жедел жәрдем қызметінде жұмыс істейтіні, отбасылы, бірнеше баласы бар екені анықталды. 29 шілде күні өткен сот отырысында ол кінәсін толық мойындап, отбасылық жағдайын алға тартып, соттан кешірім сұрады.

"Мен бұл арызды кек алу үшін берген жоқпын. Егер бұл оқиға мен емес, 15 жастағы, өзін қорғай алмайтын қыздың басынан өтсе ше?", – деді жәбірленуші.

Қазіргі таңда іс сот қарауында. Қыз әділ шешім шығатынына сенеді және осындай жағдайға тап болған адамдарды үнсіз қалмауға, құқықтарын қорғауға шақырады.

Жүк көлігі өртеніп кеткен ер адамға қазақстандықтар 20 миллион теңге жинап берді
«Балалар еденде ұйықтап жатыр, кассир мас»: Ақтау тұрғындары қоғамдық әжетханадағы жайғдайды айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу