Жүк көлігі өртеніп кеткен ер адамға қазақстандықтар 20 миллион теңге жинап берді

Oinet.kz 31-07-2025 562

Қазақстандықтар жүк көлігі өртеніп кеткен жүргізушіге 20 миллион теңге жинап берді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Screenshot_7.jpg

Қостанайда 20 миллион теңге тауары бар жүк көлігі жанып кеткен. Ермек Күнбаевтың жағдайы қазақстандықтарды алаңдатып, олар қажетті соманы жинап берді.

Жүргізуші төрт баланың әкесі екен. Өзі әлеуметтік желіні қолдана алмағандықтан, Айнұр есімді әйел ақша жинауды ұйымдастырған.

Ермек Күнбаевтың өзі видеоүндеу арқылы барлығына алғысын білдірді.

Түркістан облысында бұрынғы мектеп директоры сотталды/
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу