«Балалар еденде ұйықтап жатыр, кассир мас»: Ақтау тұрғындары қоғамдық әжетханадағы жайғдайды айтты

Oinet.kz 04-08-2025 117

Ақтау тұрғындары 15-шағынаудандағы жағалауда орналасқан қоғамдық әжетханадағы адам төзгісіз көріністі айтып дабыл қақты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Screenshot_2.jpg

Тұрғындардың айтуынша бөлменің еденінде балалар ұйықтап жатыр, ал кассир әйел мас күйде қызмет көрсеткен. 

Ақтаулық зейнеткерлер жұбы бұл оқиға жайлы редакцияға хабар беріп, жағалаудағы қоғамдық дәретханада болып жатқан сорақы жағдайды бөлісті.

"Біз, зейнеткерлер, бүгін жай ғана серуендеуге шыққан едік. Жолдасым қоғамдық әжетханаға кіріп шықпақ болды. Бірақ ішке кірген кезде көргеніміз бізді шошытты. Біріншіден, кассир әйел – анық мас күйінде, бізден төлем алды. Ал іште, еденде балалар ұйықтап жатыр. Артынша ол жерге тағы бір ер адам баласымен және бір әйел кірді, олар да мас болатын. Бізге ұрысып, болып жатқан жайтты телефонымызға түсіруге тыйым салды. Бұл қоғамдық орын үшін сұмдық жағдай. Мұнда отбасылар, балалар жиі келеді", – деді қала тұрғыны.

Әйелдің айтуынша, әжетханада тағы бір бөлек бөлме бар, ол жерде де жасөспірімдер ұйықтап жатқан.

"Әжетхана қандай да бір түсініксіз адамдар жиналатын орынға айналып кеткен. Тазалық жоқ, санитарлық жағдай өте нашар", – деді ол.

Тұрғын қала әкімдігінен осы мәселеге назар аударып, шұғыл шара қабылдауды сұрайды.

"Қалалық билік бұл жағдайға бейжай қарамайды деп үміттенемін. Қалай болғанда да, бұл қоғамдық орын. Мұнда әрдайым демалушылар көп. Ал егер бұл жерге жасөспірім кіріп кетсе ше? Бұл қауіпті. Немесе турист кірсе, қандай әсермен кетеді? Әжетхананың дәл жанында қонақүй орналасқан", – деді қала тұрғыны.

«Жылап жібердім»: Астаналық 19 жастағы бойжеткен такси жүргізушісінен сексуалдық қысым көрді
«Қарындасын қорқытпақшы болған»: Таразда 15 жастағы жасөспірім өз үйінің ауласынан өлі табылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу