«Қарындасын қорқытпақшы болған»: Таразда 15 жастағы жасөспірім өз үйінің ауласынан өлі табылды

Oinet.kz 04-08-2025 339

Таразда 15 жастағы жасөспірім өз үйінің ауласындағы ағашқа асылып қалған жерінен табылды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Halyqstan телеграм арнасына сілтеме жасап. 

Screenshot_4.jpg

Бейресми мәліметтерге сүйенсек, жасөспірімнің мұндай қадамға баруына туған қарындасымен болған жанжал себеп болуы мүмкін. Ол қарындасымен ұялы телефондағы ойын үшін ұрсысып, оны ұрып жіберген. Қарындасы анасына шағымданатынын айтып қорқытқан.

Марқұм Тараздағы №27 мектептің оқушысы болған. Отбасы толық емес. Анасы жұмыссыз, ал әкесі ажырасқан соң бөлек тұрады. Отбасында марқұмнан бөлек тағы үш кәмелетке толмаған бала тәрбиеленіп жатыр. Жасөспірім үйдің тұңғыш баласы болған.

Куәгерлердің айтуынша, біраз уақыттан кейін қыз бала ағасын үйдің ауласындағы ағашқа асылып тұрған жерінен тауып, жедел жәрдем шақырған.

Тағы бір нұсқа бойынша, жасөспірім өзіне қол жұмсағысы келмеген. Тек қарындасын қорқытпақшы болған. Алайда бәрі қайғылы аяқталған.

Қазір аталған оқиға бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық іс ҚР ҚК 105-бабы (“Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу”) бойынша қозғалды.

«Балалар еденде ұйықтап жатыр, кассир мас»: Ақтау тұрғындары қоғамдық әжетханадағы жайғдайды айтты
Ғарышкер Талғат Мұсабаев өмірден өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу