Жасанды ет дайындап, мейрамхана қонақтарына ұсынып жүр

Oinet.kz 11-10-2019 1051

Ресейде жасанды ет өндірілді

Ресейлік ғалымдар алғаш рет жасанды еттен котлет дайындады. Тіпті одан әзірленген гамбургерді мәскеулік мейрамхана қонақтарына ұсынған. Жалпы жасанды жолмен ет өндіруге екі жыл кеткен, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі 24.kz сайтына сілтеме жасап.

Ғалымдардың айтуынша, ол пробиркада өндіріледі. Ол үшін асыл тұқымды Абердин-ангус бұзауларының бұлшықет тіні қажет екен. Осыдан кейін ол қоректік заттармен бірге өсіріледі. 

Содан ғалымдар салмағы 40 грамм болатын ет фаршын дайындаған. Бірақ бір кемшілігі бар, оның құны өте жоғары - 900 мың рубльге жуық.

Жасанды еттен жасалған бургер алғаш рет Голландияда осыдан 6 жыл бұрын әзірленген болатын. Сол кезде оның бағасы 280 мың долларды құраған еді.

- Біз жасанды ет құрамын түрлендіре аламыз. Мәселен, еттегі майлы қышқылдар санын арттыру мүмкіндігі бар. Немесе дәрумендерге бай ет өсіруге болады. Сондай-ақ вегетариандарға арналған ет өнімдерін дайындай аламыз,- дейді лаборотория жетекшісі Диан Степанова.

168 жас дәрігер дипломмен ауылға аттанды
Полицейлер алимент төлемей қашып жүргендердің автокөліктерін ұстап жатыр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу