Президент ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерін қабылдады

Oinet.kz 14-10-2019 928

image.png

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелері Ерлан Саиров пен Мұхтар Тайжанды қабылдады, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі inform.kz сайтына сілтеме жасап. 

Ерлан Саировпен әңгіме барысында еліміздегі қоғамдық-саяси жағдай және әлеуметтік-рухани мәселелер, мемлекеттің аймақтық дамуы талқыланды. 

Кездесуде Президенттің Қазақстан халқына жолдауының басым бағыттары, еліміздің кейбір шекаралық аудандарының дамуы, көпбалалы отбасыларды баспанамен қамту және жас ұрпаққа сапалы білім беру жағдайы сөз болды. 

Мұхтар Тайжанмен өткен кездесуде жер мәселесі, әскери-патриоттық тәрбие беру, қылмыстық жазасын өтеген азаматтарды жұмысқа орналастыру жайы қозғалды.

Кездесу барысында өңірлердегі азаматтарды баспанамен және жұмыспен қамту, жол салу, экология мәселелері айтылды.

Қазақстанда алдағы күндері қар жауады
Қорғаныс министрі Арыстағы әскери жауынгерлердің өміріне қауіп төніп тұрғанын айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу