Елжан Біртанов екпе алмаған бүлдіршіндерді балабақшаға қабылдауға тыйым салуды ұсынды

Oinet.kz 17-10-2019 826

Картинки по запросу екпе егу

Республикада жыл басынан бері 15 адам қызылшадан көз жұмды, олардың дені – балалар. Министрлік екпе алмаған бүлдіршіндерді балабақшаға қабылдауға тыйым салуды ұсынды. Жаңа норма халық денсаулығы туралы заң жобасына енгізілген. Бұл туралы бүгін денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап.

"Бұл жаңа штаммдардың енуімен байланысты болды. 15 адам көз жұмды, негізінен, балалар. Көбісіне денсаулығына байланысты екпе жасалмаған, енді бірінің ата-анасы бас тартқан. Яғни, ең алдымен, қорғалмаған балалар зардап шегеді. Сондықтан бүкіл әлем жаппай вакцинация жүргізеді", - деді Біртанов мәжілісте "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодекс жобасын таныстырғаннан кейін.

Бас мемлекеттік санитар дәрігер Жандарбек Бекшиннің сөзінше, 2018 жылдың қарашасы мен 2019 жылдың 9 айы аралығында 19 адам қызылшадан көз жұмған. Адам өлімі ең көп Нұр-Сұлтан қаласында (14 адам) тіркелген.

Айта кетсек, денсаулық сақтау министрлігі екпе алмаған бүлдіршіндерді балабақшаға қабылдауға тыйым салуды ұсынды. 

Жаңа норма "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодекске енгізілген. Десе де, заң жобасында балаларына екпе салдырудан бас тартқан ата-аналар үшін қандай да бір жауапкершілік қарастырылып отырған жоқ.

Ресейде іздеу жариялаған қылмыскер Ақмола облысынан ұсталды
Түркістан: Мемлекеттік мекемелерде адалдық құндылығы насихатталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу