Азия чемпионатында қазақстандық балалар төрт «алтын» алды

Oinet.kz 18-10-2019 936

Жасөспірім боксшылар Азия чемпионатында 4 «алтын» алды

Біріккен Араб Әмірліктерінде өтіп жатқан бокстан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында қазақстандық спортшылар сегіз медаль, соның ішінде төрт «алтын» жеңіп алды, деп хабарлайды OINET.KZ сайты inform.kz сайтына сілтеме жасап. 

Құрлық додасындағы алғашқы алтынды қоржынға салған 52 келі санатында Руслан Күзеубаев финалда тәжікстандық Әбубәкір Мұрадовты жеңді. 57 келідегі Ерасыл Ермек ақтық сында Өзбекстан өкілі Билолбек Ихволовқа шеберлігін көрсетіп, Азия чемпионы атанды. 60 келіде өнер көрсететін Абзал Серік те өзбекстандық қарсыласынан басым түсті. Ол Бекзод Бекмұрадовты ұтып, жеңістің ең биік тұғырына көтерілді. Төртінші «алтынды» 66 келідегі Сұлтан Бабаханов алып келді. Ол финалда үндістандық Джэйдип Раватты ұтты. 

Және 54 келіде сынға түскен Нұрсұлтан Алтынбек пен 50 келідегі Абдулла Патиев сәйкесінше Тәжікстан және Жапония боксшыларынан жеңіліп, күміс жүлдеге қол жеткізді. Ал екі қола медальді 80 келіге дейінгі салмақтағы Мәди Әміров пен аса ауыр салмақтағы Роман Дияров иеленді.

Түркістан: Мемлекеттік мекемелерде адалдық құндылығы насихатталды
Көпбалалы аналардың жәрдемақысы неге тоқтап қалды?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу