«Жолаушылар тасымалы» компанияны дамытудың бірнеше жолын атады

Oinet.kz 22-10-2019 827

Картинки по запросу вагондар

Қазақстан келесі жылы жаңа вагондарды сатып алу бойынша халықаралық тендер жариялайды. Бұл туралы елордадағы бүгінгі жаңа вагондардың таныстырылымында «Жолаушылар тасымалы» АҚ Бас директоры Михаэль Кортюм айтты, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі inform.kz сайтына сілтеме жасап.

«Компаниямыздың алдында билет бағасын көтеру мәселесі тұрған жоқ. Басты міндетіміз – «Жолаушылар тасымалы» АҚ-тың экономикалық тиімділігін арттыру, жаңа стратегияны әзірлеу және компания қызметінің сұранысын арттыру. Әзірге компанияны дамытудың бірнеше жолын көріп отырмыз: бірінші қадам – 2020 жылдың жазына дейін сұранысқа сай вагондардың санын арттыру. Сондай-ақ, қазіргі вагондар паркіне технологиялық қызмет көрсету сапасын жақсартқымыз келеді. Екінші қадам – биыл компанияны дамытудың стратегиясын әзірлейміз. Яғни, бізге қандай және қанша вагон қажет екенін айқындап, вагондар нарығы қазір қалай дамып келе жатқанын біліп алу керек. Келесі жылы вагон сатып алу бойынша халықаралық тендер жарияланады», - деді Михаэль Кортюм.

Дариға Назарбаева ресми сапармен Ресейге барды
«Қарашық» тарихи-этнографиялық музейі ашылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу