Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Зеленский кездесті

Oinet.kz 22-10-2019 998

Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Украина Президенті Владимир Зеленскиймен кездесті, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі inform.kz сайтына сілтеме жасап.

Елбасы алдымен Зеленскийді Украина Президенті лауазымына тағайындалуымен құттықтап, алдағы күрделі жұмысына табыс тіледі. Украинаның әр күнін жіті қадағалап отыратындығын айтты. 

«Президенттердің ішінде алғашқы болып зор сеніммен, 70 пайыздан астам дауыспен жеңіске жеттіңіз. Сіз қалаған дүниелеріңізді іске асыруға қазір мол мүмкіндігіңіз бар. Осы жолда сізге табыс тілеймін», - деді ҚР Тұңғыш Президенті.

Сондай-ақ, Зеленский елінде сапалы экономикалық серпілістерді жүзеге асыруға тырысып отырғанын айта келе таяуда Нью-Йоркте Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездескенін еске алды. 

«Нью-Йоркте Қасым-Жомарт Тоқаев мырзамен танысуға мүмкіндігім болды. Бізге, Украинаға, сапармен келуге шақырдым. Сіз де Украинада сан мәрте болған едіңіз. Осы мүмкіндікті пайдаланып өзіңізді Украинаға сапармен келуге шақырамын», - деді Зеленский.

Алматы қаласында ауа ластану көрсеткіші артқан
«Домбыра» фильмі халықаралық фестивальде үздік атанды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу