Алматы қаласында ауа ластану көрсеткіші артқан

Oinet.kz 22-10-2019 1052

Картинки по запросу Алматыда ауа лас

2019 жылдың бірінші жартыжылдығында Алматы қаласы бойынша филиалымен 1576 атмосфералық ауаны зерттеу жүргізілді, оның ішінде 431 сынамада сәйкессіздік анықталды, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі baq.kz сайтына сілтеме жасап.

ҚР ДСМ "Ұлттық сараптама орталығы" РМК Алматы қаласы бойынша филиалы жылдық жоспарға сәйкес магистральды көшелер бойындағы қаланың ауа бассейнінің жағдайына зертханалық мониторинг жүргізеді.

Зерттеу барысында атмосфералық ауа бойынша санитарлық нормативтерге сәйкес азот диоксиді құрамы шекті рұқсат етілген концентрациядан 2.2 есе асып, күкірт диоксиді 1.2 және көміртегі оксиді 1.4 есе асып түсті. Бұл ластағыштар негізінен атмосфераның ластануының экологиялық тәуекелін анықтайды және адам денсаулығына теріс әсер етеді.

"Атмосфералық ауада көміртек оксидінің болуы адам иіспен немесе түспен сезбейді. Ол дененің тіндерінде оттегінің жетіспеушілігін тудыруы мүмкін, бұл себепті бас ауруы, бас айналуы, жүрек айнуы, сананың жоғалуы мүмкін. Ауада азот диоксидінің болуы көміртектермен өзара әрекеттескен кезде фотохимиялық тұманның пайда болуына ықпал етеді. Азот диоксиді-сарғыш-қоңыр түсті, көрінуді қатты нашарлататын, қоңыр ауа реңін беретін, жоғары уытталған, бронхит тудыратын, ағзаның респираторлық ауруларға қарсы тұруын төмендететін газ", - делінген таратылған ақпаратта.

ҰСО мамандары қалада атмосфералық ауаның ластануының негізгі себептері автомобиль көлігі мен көптеген өндірістердің ескірген технологиялары екенін атап өтті.

«Қарашық» тарихи-этнографиялық музейі ашылды
Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Зеленский кездесті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу