Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің кеңесшісін тағайындады

Oinet.kz 23-10-2019 931

image.png

Мемлекет басшысының өкімімен Әлия Рақышева Қазақстан Республикасы президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Ақорда сайтына сілтеме жасаған OINET.KZ

Әлия Рақышева 1980 жылы Алматы қаласында туған. 2001 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірген.

2001-2005 жылдар аралығында Әділет министрлігі департаментінің жетекші маманы, бөлім бастығы, одан кейін басқарма бастығы қызметін атқарған. 

2005-2013 жылдарда Орталық сайлау комиссиясы аппараты заң бөлімінің консультанты, меңгерушісі, әкімшілік басқармасының бастығы – аппарат басшысы болды. 2018 жылға дейін Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің Мемлекеттік құқық бөлімінің меңгерушісі лауазымында болды. Ал 2018 жылдың сәуірінде әкімшілік басшысының орынбасары болып тағайындалды.

2019 жылдың 23 қазанында Қазақстан Республикасы президентінің кеңесшісі болды.

Рақышеваның орнына Ержан Жиенбаев келді.

Республикалық имамдар форумы басталды
Түркістан: Жастарды жақсылық жасауға жұмылдыратын жоба ашылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу