Елордада Беларусь елшілігінің ғимараты ашылды

Oinet.kz 24-10-2019 833

Картинки по запросу Беларус елшілігінің ғимараты

Қазақстанның астанасында Беларусь елшілігінің жаңа ғимараты салтанатты түрде ашылды. Дипломатиялық өкілдік Тәуелсіздік алаңының маңындағы елшіліктер қалашығында орналасқан, деп хабарлайды inform.kz.

Ғимараттың ашылу салтанатына Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Роман Скляр мен Беларусь премьерінің бірінші орынбасары Александр Турчи қатысты.

"Шетелдік дипломатиялық өкілдіктердің жаңа ғимараттары бой көтеруде. Олардың қатарында енді Беларусь елшілігінің жаңа заманауи кешені де болады", - деді үкімет басшысының орынбасары.

Скляр Беларусь дипломаттарын "жаңа үймен" құттықтап, жемісті еңбек пен сәттілік, ал белорус халқына бейбітшілік, тыныштық пен үлкен жетістіктер тіледі.

Елордада жалған ақша тарауда
Новак Джокович: «Қазақстандық теннисшілермен де ойынды асыға күтемін»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу