Отандық боксшылар әлемдік рейтингте жоғарылады
26 қыркүйекте Алматыда өткен бокс кешінде жеңіске жеткен қазақстандық спортшылар әлемдік рейтингте өз деңгейін жақсартты, деп хабарлайды Prosports.kz сайтына сілтеме жасаған OINET.KZ.
Екінші орта салмақта жұдырықтасатын Арман Рысбек (7-0, 6 КО) өзбекстандық Мухитдин Раджапбаевты (10-7-1, 7 КО) нокаутқа жіберіп, BoxRec.com порталында 325-орыннан 201-ке жайғасты. Төрешілер шешімімен жеңіске жеткен Сапарбай Айдаров (4-0, 2КО) 526-орыннан 356-орынға көтерілді. Руслан Мырсатаев (7-0, 6КО) болса, 191-орыннан бірден 77 сатыға жоғарылады.
Осы категория бойынша: «Теннистен Paris Masters турнирі басталды Шорт-трекшілер әлем кубогіне қатысу үшін АҚШ-қа барды »