Күн электр стансасын салу бойынша бірінші жобалық аукционды өткізуді жоспарланып отыр

Oinet.kz 29-10-2019 900

Картинки по запросу күн электр станциясы

Қазақстанда күн электр стансасын салу бойынша бірінші жобалық аукцион өткізіледі. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев айтты, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі inform.kz сайтына сілтеме жасап.

Өткен жылдан бастап «жасыл энергетика» саласында жобаларды іріктеу аукциондық тетік бойынша өткізіледі. Бұл соңғы тұтынушылардың тарифтеріне жаңартылатын энергия көздерінің әсерін біртіндеп төмендетуге мүмкіндік береді. 2018-2019 жылдардағы халықаралық аукциондық сауда-саттықтар электрондық форматта өткізілді. Онда жиынтық қуаты 1 205 МВттық жобалар қаралды. 

«Сауда-саттыққа 12 елден 138 компания қатысты. Қатысушылар белгіленген қуаты шамамен 3 900 МВт жобаларды іске асыруға өтінім берген. Бұл сұраныстан 3,2 есеге артық болды. Аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша, 42 компания жеңімпаз атанды. Олармен 967 МВт құрайтын келісімшарттарға қол қойылуда», - деді ол.

Сондай-ақ, Қ.Бозымбаевтың дерегінше, аукционға қатысушылардың өтінімдері бойынша электр энергиясына тарифтер төмендетілді. Атап айтқанда, жел электр стансалары бойынша 11, шағын су электр стансалары бойынша 15, күн электр стансалары бойынша 36 пайызға азайды. Бұл ретте, жекелеген жобалар бойынша күн стансалары үшін 51 пайызға, жел мен су электр стансалары үшін 23 пайызға төмендеді. 

«Осы жылдың 27 қарашасында министрлік күн электр стансасын салу бойынша бірінші жобалық аукционды өткізуді жоспарлайды. Оның белгіленген қуаты 50 МВт болады. Бұл стансаға Түркістан облысы Шәуілдір кентінің жанынан алаң бөлінген. Қазірдің өзінде халықаралық компаниялар осы аукционға қызығушылық танытуда. Келесі жылдары Энергетика министрлігі күн және жел стансалары бойынша осындай жобалық аукцион өткізуді жоспарлап отыр», - деді министр Қанат Бозымбаев.

Елордада көпфункционалды туристік аудан пайда болады
Денсаулық сақтау саласындағы парасаттылық және адалдық
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу