Нұр-Сұлтандық 63 кәсіпкер мемлекеттік грант жеңіп алды

Oinet.kz 31-10-2019 1001

Картинки по запросу бизнес грант

"Бизнестің жол картасы -2020" бағдарламасы шеңберінде Нұр-Сұлтан қаласының 60 кәсіпкері өз бизнес бастамасын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін грантқа ие болды, деп хабарлайды baq.kz сайтына сілтеме жасаған OINET.KZ.

"2019 жылы мемлекеттік грантты 63 кәсіпкер иеленді. Қалалық Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының мәліметіне сәйкес, өткен жылмен салыстырғанда биыл бизнес жобалар 2,6 есеге өскен. 2018 жылы грантты 24 кәсіпкер алған болатын. Гранттар өз ісін жаңадан бастап жатқан 29 жасқа дейінгі жас кәсіпкерлерге. 50 жастан асқан әйелдер, мүгедектерге берілді", - делінген таратылған ақпаратта.

Мемлекеттік қолдауға ие болған кәсіпкерлер негізінен тауар өндіру, білім бері, киім тігу, ақпараттық технологиялар, баспа ісі, ғылым, сәулет және қызмет көрсету саласында жұмыс істейтіндер. Республикалық бюджеттен шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға 128 млн теңге бөлінді. Сондай-ақ Жастар жылына орай "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасына сәйкес 29 жасқа дейінгі жас кәсіпкерлерді қолдауға қосымша 75 млн теңге бөлінді.

Түркістан облысында мектеп директоры 6 жасар баланы қағып кетті
Ақтөбеде табиғатты күзету заңнамасын бұзған 206 дерек тіркелген
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу