Қазақстанда сүт және сүт өнімдері қымбаттады

Oinet.kz 01-11-2019 1007

image.png

Қазақстанда 2019 жылы қаңтар-қыркүйек аралығында сүт өнімдері өндірісі 225,2 миллиард теңгеге өскен. Бір жыл бұрын осы көрсеткіш 214,3 миллиард болған, - деп хабарлайды Energyprom.kz сайтына сілтеме жасаған OINET.KZ

Өндірістік өнім индексі қатарынан екінші жыл 101,8 пайыз болды. Сүт өнімдері арасында өңделген сүт және қаймақ өндірісі ұлғайған: 387,4 мыңнан 416,4 мың тоннаға дейін. Ірімшік пен сүзбе өндірісі де өскен: 20,7 мыңнан 21,8 мың тоннаға дейін. Кілегей майы13,7 мыңнан 14,3 мың тоннаға, басқа да сүт өнімдері - 165 мыңнан 166,9 мың тоннаға өскен.  Сүт өнімдері өндірісінің өсуіне қарамастан, бағаның өсуі жалғасып жатыр.

Пастерленген сүт бағасы бір жылда 12,2 пайызға өскен. Қазір оның бағасы 238,2 (бір литр) теңге. Мәйек ірімшік (сычужный сыр) пен сары май бағасы он пайызға өскен. Сүт өнімдері арасында тек бес-тоғыз пайыздық сүзбе арзандаған. Оның бағасы 0,2 пайызға төмендеп, бір келісі 1,6 мың теңге тұрады. 

Қазақстанның 17 өңірінің 12-інде сүт өнімдері бағасының өсуінен аз тұтыну байқалған. Шымкентте тұтыну көрсеткіші - 26,1 пайызға, 51,4 келі (литр). Маңғыстау облысында тұтыну 10,9 пайызға, ал Павлодар облысында 10,5 пайызға төмендеген. 

Дәурен Абаев тіркелмеген телефон нөмірінен қандай қауіп келетінін айтты
Қасым-Жомарт Тоқаев №23 орта мектепке барды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу