Ата-аналардың критериалды бағалауға қарсы петициясына жауап берілді

Oinet.kz 01-11-2019

Картинки по запросу мектеп оқушылары

Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова оқушылардың білімін критериалды бағалаудың артықшылығы туралы айтып, ата-аналардың петициясына жауап берді, деп хабарлайды baq.kz.

«Бұрынғы жүйеде балалар бір-бірімен жарыстырылатын. Мысалы, сыныпта 20 оқушы болса бес бала өте жақсы оқуы мүмкін, бес бала орташа, бес бала төмен дегендей. Сол сыныптың ішінде бір оқушының алған бағасы өте жақсы оқитын оқушының бағасымен салыстырылып қойылатын еді. Бүгінде осы қаншалықты дұрыс? Қазіргі критериалдық жүйе осыны болдырмау үшін жұмыс істеп жатыр. Нақты білімнің стандарты бағдарламасы бар, осы стандартты қалай игергенін білу үшін критерий жасалады. Осы критерийді бала игерсе тоқсандық бағалауда өзінің нақты бағасын алады. Жиынтық бағалау дегеніміз тоқсанда қойылатын бағалау. Қалыптастырушы бағалау бір тоқсанда әр пәннен екі немесе үш рет болуы мүмкін. Міндетті түрде соның 50% ескеріледі. Жиынтық бағалаудың 50% ескеріліп қойылады. Сонда оқушының күнделікті жұмысы ескерілмей қалды деген сұрақ туындамайды», - деді вице-министр.

Екі күн бұрын ата-аналар критериалды бағалау жүйесін тоқтату туралы Білім және ғылым министрлігіне арнап петицияға қол жинауды бастаған еді. Осы орайда Каринова министрліктің петицияға қатысты позициясын білдірді.

«Министрлік бұл сұраққа қалай қарайды? Біз мұның қандай петиция екенін білмейміз. Ата-аналар ма не ата-аналардың қандай санаты екенін анықтау біздің құзыретімізде емес. Бірақ біз мұғалімдермен, ата-аналармен, оқушылармен әрі қарай түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, ескі жүйенің оң және теріс тұстарын көрсетіп, дәлелдеуді жалғастырамыз. Қаншалықты критериалыды бағалауда мәселелер барын, оны қалай жетілдіреміз дегенмен жұмыс істейміз. Бұл бір күннің жұмысы емес, жүйелі жұмыс», - деп жауап берді Каринова.

Мемлекет басшысы «Astana Ютария Ltd» компаниясымен танысты
Қазақстандық суретші Ұлыбританияда топ жарды

Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×