Енемнің қорлығына шыдамай өзіне қол көтердім
Енем ұра береді-ұра береді. Басымды жарған, аяғымды, тіземді ісірген, самай шашымды жұлып алған ол жерге қайтіп шаш шықпады. Үш жыл, екі ай он бір күн болды осылай істеп жүргеніне.
Кеше керзі етікпен үндемесем де: "Сен мылқаусың, ойбай! Маған сүмелек келін берген",- деп тура желкемнен пияз турап отырғанда салып қалды. Атып тұрып қолынан жұлып алып өзін ұрып жібердім. Қашанғы сабыр сақтайын. Күйеуім жоқ еді. Атам сауап деп отыра берді. Оны да ұратын. "Маған енді сіздердің сабыр-сабыр дегендеріңнің керегі жоқ. Сіздерді тыңдаймын деп сүмелек, мылқау атандым. Түбіме жетіп болдыңыз",- деп бөлмеме кетіп қалдым.
Азанда енем түк болмағандай əндетіп шайды самаурынға қоя сал деп жүр. Бұрын өйтпейтін. Бір жағы кешегім дұрыс болды ма деп қоям.